«Рейтинг көрсеткіштері не туралы айтады?» айдары

23.12.2024

Бүгін біз біз заңдардың сақталуы мен орындалуының маңыздылығын қоғам пікірі арқылы көрсететін халықаралық рейтингтердің көрсеткіштерін талдаймыз.

Ашық үкімет – «Құқық үстемдігі индексінің» (ҚҮИ) маңызды факторларының бірі.

Бұл фактор бойынша баға сарапшылар мен үй шаруашылықтарына жүргізілген сауалнама нәтижелері негізінде қалыптасады. Әрбір фактор бойынша алынған мәліметтер негізінде елдің қорытынды бағасы 0-ден 1-ге дейінгі ауқымда есептеледі, мұнда 1 – құқық үстемдігі қағидасын сақтаудың ең жоғары деңгейі, ал 0 – ең төменгі көрсеткіш.


«Ашық үкімет» факторы 4 қосалқы факторды біріктіреді:

  1. Заңдар мен мемлекеттік мәліметтердің жариялылығы: бұл қосалқы фактор негізгі заңдар мен заңдық құқықтар туралы ақпараттың ашықтығын, түсінікті тілде жеткізілуін және баршаға қолжетімділігін бағалайды.
  2. Ақпаратқа қол жеткізу құқығы: бұл сұранымдардың мемлекеттік органдардағы ақпаратқа уақтылы жауап беру деңгейін, ұсынылған ақпараттың толықтығын және оның қолжетімді бағамен берілуін бағалайды.
  3. Азаматтық қатысу: бұл пікір білдіру, жиналыстар мен қауымдастықтар құру еркіндігі, сондай-ақ үкіметке петиция тапсыру құқықтарының сақталуын бағалайды.
  4. Шағым беру механизмдері: бұл азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету немесе мемлекеттік қызметкерлердің заңды міндеттерін орындауы бойынша шағымдарды қаншалықты оңай бере алатынын және осы шағымдарға берілетін жауаптарды бағалайды.

2024 жылдың нәтижелері бойынша «Ашық үкімет» факторы бойынша Қазақстанның позициясы 84-орыннан 78-орынға жақсарды, бірақ фактор көрсеткіші 0,47 деңгейінде өзгеріссіз қалды.

Дереккөз: 2019–2023 жылдардағы Құқық үстемдігі индексі

Көшбасшы елдер:
Скандинавия елдері: Норвегия (0,88), Финляндия (0,86) және Дания (0,86).
Ең төменгі көрсеткіштер:
Иран (0,27), Египет (0,23) және Камбоджа (0,23).

Қазақстанның позициясын жақсартуға келесі факторлар ықпал етті:

  • елде цифрлық платформаларды дамыту;
  • заңдар мен нормативтік актілерге қол жеткізуді жеңілдету.

Бұл деректер «электрондық үкімет» порталының нәтижелерімен расталады. Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің деректері бойынша, 2015 жылы электрондық үкімет пайдаланушыларының саны 4 миллион болса, 2019 жылы 10 миллионға жетті.
2024 жылы порталға және eGov Mobile қосымшасына тіркелген пайдаланушылар саны 14 миллионнан асқан, олардың 1,2 миллионы 2024 жылы қосылған.

eGOV.kz порталы 1353 мемлекеттік қызметті ұсынады, олардың 92%-ы онлайн режимінде қолжетімді. eGov Mobile қосымшасы арқылы қызметтердің 90%-ын пайдалануға болады, бұл ай сайын 4 миллионнан астам белсенді пайдаланушыны қамтиды.

Құқықтық ақпараттың қолжетімділігі:

  • «Zan» дерекқоры – Қазақстанның барлық нормативтік-құқықтық актілерін қамтитын электрондық ресурс.
  • «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі азаматтарға құқықтық ақпаратқа тегін қол жеткізу мүмкіндігін береді.

Халықтың заң жобаларын талқылауға қатысуы үшін:

  • «Ашық НҚА» порталы іске қосылған.
  • Президенттің «Еститін мемлекет» тұжырымдамасы аясында «еОtinish» жүйесі әзірленді.

Сонымен қатар, 2023 жылдан бастап epetition.kz порталы арқылы петициялар беру институты жұмыс істейді.

Болашақ жоспарлар:

  • 2029 жылға дейін барлық мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін цифрландыруды аяқтау.
  • Жасанды интеллектке негізделген «Электрондық үкімет» платформалық моделін енгізу жоспарланған.

Бұл бастамалар заң үстемдігін нығайтуға, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға және заңнамалық процестердің ашықтығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.




Қарау саны: 17
Сақталған: 23.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!