Қызылорда облысы бюджетінің кірістері (2021–2023 жылдар)

26.12.2024

Қызылорда облысы бюджетінің кірістері 2021–2023 жылдар аралығында 1,6 есеге өсті – 2021 жылғы 362,3 млрд теңгеден (жергілікті бюджеттердің барлық кірістерінің 4,1%-ы) 2023 жылы 597,2 млрд теңгеге дейін (жергілікті бюджеттердің барлық кірістерінің 4,4%-ы).

Трансферттердің түсімдері облыс бюджеті кірістерінің орта есеппен 81,0%-ын құрайды. Олар 1,7 есеге өсті – 2021 жылғы 290,8 млрд теңгеден (жергілікті бюджеттерге түскен барлық трансферттердің 6,1%-ы) 2023 жылы 487,6 млрд теңгеге дейін (жергілікті бюджеттерге түскен барлық трансферттердің 6,8%-ы).


Салықтық түсімдер облыс бюджетінің кірістеріне орта есеппен 15,8% үлес қосады. Олар 1,5 есеге өсті – 2021 жылғы 58,3 млрд теңгеден (жергілікті бюджеттерге түскен барлық салықтық түсімдердің 1,6%-ы) 2023 жылы 90,0 млрд теңгеге дейін (1,5%-ы).

  • Заңды тұлғалардың КТС түсімдері (ірі кәсіпкерлік субъектілері мен мұнай секторындағы ұйымдардың түсімдерін қоспағанда) 56,7%-ға өсті – 2021 жылғы 5,6 млрд теңгеден (облыс бюджетіне түскен барлық салықтық түсімдердің 9,5%-ы) 2023 жылы 8,7 млрд теңгеге дейін (9,7%-ы).
  • ЖТС түсімдері 1,7 есеге өсті – 2021 жылғы 20,0 млрд теңгеден (облыс бюджетіне түскен барлық салықтық түсімдердің 34,3%-ы) 2023 жылы 34,2 млрд теңгеге дейін (38,0%-ы).
  • Әлеуметтік салық түсімдері 1,6 есеге өсті – 2021 жылғы 15,9 млрд теңгеден (27,3%-ы) 2023 жылы 25,0 млрд теңгеге дейін (27,8%-ы).
  • Меншікке салынатын салықтардан түсімдер (мүлік салығы, жер салығы, көлік салығы, бірыңғай жер салығы) 2,8%-ға өсті – 2021 жылғы 13,1 млрд теңгеден (22,4%-ы) 2023 жылы 13,4 млрд теңгеге дейін (14,9%-ы).
  • Басқа салықтардан түсімдер (тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар, өзге салықтар және міндетті төлемдер) 2,3 есеге өсті – 2021 жылғы 3,8 млрд теңгеден (6,5%-ы) 2023 жылы 8,5 млрд теңгеге дейін (9,5%-ы).

Салықтық емес түсімдер, облыс бюджетінің орта есеппен 1,7%-ын құрай отырып, 1,5 есеге өсті – 2021 жылғы 7,1 млрд теңгеден (жергілікті бюджеттерге түскен барлық салықтық емес түсімдердің 6,0%-ы) 2023 жылы 10,6 млрд теңгеге дейін (5,1%-ы).


Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, облыс бюджеті кірістерінің ең төмен үлесін – орта есеппен 1,5%-ын құрай отырып, 48,3%-ға өсті – 2021 жылғы 6,1 млрд теңгеден (3,0%-ы) 2023 жылы 9,0 млрд теңгеге дейін (5,0%-ы).

 




Қарау саны: 50
Сақталған: 26.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!