«Өңірлер: апта оқиғалары» (2024 жылғы 30 желтоқсан – 2025 жылғы 5 қаңтар)
08.01.2025
Ақтөбе облысы. Облыста құрылыс саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. 2024 жылы 308,9 млрд теңге көлемінде құрылыс жұмыстары атқарылып, 886,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңартылған деректер бойынша, бұл көрсеткіш 1 млн шаршы метрге жетеді деп күтілуде. Әлеуметтік нысандар ішінде 12 мектеп пен 21 денсаулық сақтау нысанын салуға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар 3 жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Бұл жетістіктер өңір тұрғындарына қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Түркістан облысы. Облыс
орталығында жаңартылған «Селмаг» су қоймасы пайдалануға берілді, ол қала
тұрғындарының игілігіне қызмет етеді. Су қоймасының жалпы сыйымдылығы 5,2 млн
текше метрді құрайды, ол 7 мың абонентті сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді.
«Селмаг» 1950 жылдан бері жұмыс істейді. Объектіні жаңарту жұмыстары 2023 жылы
басталып, жаңа жыл қарсаңында аяқталды. Су қоймасы бірнеше тұрғын ауданын ауыз
сумен қамтамасыз етеді. Оның жүйесі 4 сорғы станциясынан, 1 тазарту
қондырғысынан және жалпы аумағы 2 600 шаршы метрді құрайтын екі резервуардан
тұрады. Апаттық жағдайда бұл нысан қосымша 25 мың адамды сумен қамтамасыз ете
алады. Ақмола облысы. Қазақстанда «Комфортты мектеп» жобасы бойынша Президент тапсырмасын сәтті орындаған жалғыз өңір. Жоспарланған 9 мектептің барлығы 12 200 орындық болып салынып, пайдалануға берілді. Бұл оқу жағдайын жақсартып, қолданыстағы мектептердегі жүктемені азайтты. Облыс орталығында 2 мектеп, ал қала маңындағы ауылдарда 7 мектеп ашылды. 2 000 орынға арналған Қоянды ауылындағы мектепте 4 спорт залы бар. Барлық мектептер заманауи стандарттарға сай, STEM-зертханалармен, кең асханалармен және спорт алаңдарымен жабдықталған. Бір ауысымда оқу балалардың жан-жақты дамуына мүмкіндік береді. Бұл өңірдегі білім беру инфрақұрылымының қарқынды дамуын көрсетеді.
Астана. 2025 жылдың
қаңтарынан бастап елордадағы мектепке дейінгі ұйымдар ваучерлік қаржыландыруға
көшеді. Қазіргі уақытта бұл жоба Тараз, Шымкент және Түркістан қалаларында
енгізілген. Ваучерлік қаржыландыру жүйесінің негізгі артықшылықтары:
ата-аналарға таңдау еркіндігі, қызмет сапасын объективті бағалау, адал
бәсекелестік арқылы қызмет сапасын арттыру және қаржыландырудың ашықтығы. Кезек
18 санатқа бөлінеді, ол баланың жасына және әлеуметтік мәртебесіне байланысты
болады. Ваучер кезек жаңартылып отыратын итерация (қайталану) арқылы беріледі. Шымкент. Мұнда «Standard
Steel KZ» ЖШС түсті металдар концентратын өндіру үшін қорғасын өндірісі
қалдықтарын қайта өңдеу зауытының 2-кезеңі іске қосылды. Бұл жоба қаланың
экономикасына үлес қосудан бөлек, өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметінің
экологиялық әсерін азайтады. Жобаның жалпы құны 13 млрд теңгеден асады, 300
адамды жұмыспен қамтыды. Қондырғыны іске қосу жылына 20 мың тоннадан астам
мырыш оксидін өндіруге мүмкіндік береді. Батыс Қазақстан облысы. 2023-2024 жылдары облыста өмірлік маңызы бар салалардың материалдық-техникалық базасын жаңарту жүзеге асырылды. 530 техника бірлігін сатып алу үшін 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Атап айтқанда, төтенше жағдайлар саласына – 44, полиция департаментіне – 165, орман шаруашылығына – 88, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына – 58, денсаулық сақтау саласына – 117, білім беру саласына 58 техника бірлігі сатып алынды.
Әкімдік 30 жаңа қонақүй құрылысы жобасына мониторинг
жүргізуде. Жалпы инвестиция көлемі шамамен 336,3 млрд теңгені құрайды.
Алматының өсіп келе жатқан туристік әлеуетіне байланысты инвесторлар қонақүй
салуға ерекше қызығушылық танытуда. Жамбыл облысы. QazaqGaz
ұлттық газ компаниясы жаңа ашылған және барланған Малдыбай мұнай-газ кен орнын
игеруді бастады. Кеңес заманында жойылған ұңғымаларды қайта зерттеу нәтижесінде
Малдыбай учаскесі толыққанды газ кен орны ретінде танылды. 2025 жылы
гидравликалық жарылыс әдісімен газ өндіруді арттыру шаралары жоспарланған.
Сонымен қатар бұрын жойылған тағы бір ұңғыманы қалпына келтіру көзделуде. Анабай кен орнында №17 ұңғыманы бұрғылау барысында күніне 120
мың текше метр газ өндіріліп, жоғары өнімділік расталды. Бұл көрсеткіш бұған
дейінгі болжамдардан екі есе артық болды. Қостанай облысы. Өткен
жылы облыста сумен жабдықтау бойынша 77 жобаны жүзеге асыру үшін 20,2 млрд
теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 50 ауыл, соның ішінде 15 ауыл орталықтандырылған
сумен жабдықтау жүйесімен, 41 ауыл блок-модульдер мен су тарату пункттері
арқылы сумен қамтылды. Қостанай ауданында 5 елді мекенде су құбырының құрылысы
аяқталды: Александровка, Московское, Садовое, Еңбек, Талапкер ауылдары. 4,5
мыңнан астам тұрғын алғаш рет орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол
жеткізді. Жалпы тиімділік ретінде 3 мыңнан астам адам сапалы ауыз сумен
қамтамасыз етілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Түркістан облысы. Жаңа
жыл қарсаңында Сарыағаш ауданында су қоймасының құрылысы аяқталып, тұрғын үйлер
ауыз сумен қамтылды. Жоба аясында 104,1 км су құбыры салынды, бұл шамамен 1 000
үйді ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Алматы. Қаланың
мобильділік басқармасы мәлімдегендей, 2025 жылы 300 км көшеге орташа жөндеу, 30
км тротуарды жөндеу және 35 км жаңа жол салу жоспарлануда. Қалаға қосылған
аудандардағы жаңа жолдар құрылысы 70 мыңнан астам тұрғынның көлік қатынасын
айтарлықтай жақсартады. Бұл жұмыстар 2024 жылғы 92%-дан 2025 жылы 95%-ға дейін
сапалы жолдардың үлесін арттыруға мүмкіндік береді.
Жетісу облысы. Мемлекет
басшысының тапсырмасы бойынша, «Заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару
туралы» заң аясында арнайы мемлекеттік қор қаражаты есебінен Текелі қалалық
әкімдігіне қарасты Рудничный ауылында апатты жағдайдағы мектептің орнына жаңа
мектеп салу жоспарлануда. Ауылда 1 000-нан астам адам тұрады, оның ішінде 241
бала мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар. Жаңа мектеп 200 орынға есептелген және 30 орындық дайындық
шағын орталығымен жабдықталады. Жобаны іске асыруға Үкімет 2,6 млрд теңге
бөледі.
Қарау саны: 45 |
|
|