«Рейтинг көрсеткіштері не туралы айтады?» айдары
09.01.2025
Халықаралық рейтингтердің заңнаманың рөлі мен оның сақталуына берілген қоғамдық бағаны көрсететін көрсеткіштерін зерделеу барысында, осы жазбада Заң үстемдігі индексіндегі «Құқықтық тәртіп және қауіпсіздік» факторының маңызына тоқталамыз.
«Құқықтық тәртіп және қауіпсіздік» факторы – Заң үстемдігі индексінің (бұдан әрі – ЗҮИ) сегіз құрамдас факторының бірі. Бұл фактор үш ішкі фактордан тұрады:
Фактордың және оның ішкі факторларының мәні ғаламдық
үй шаруашылықтары мен елдік сарапшылар арасында жүргізілген сауалнама негізінде
қалыптасады. ЗҮИ 2024 нәтижелеріне сәйкес, Қазақстан «Құқықтық
тәртіп және қауіпсіздік» факторы бойынша 142 елдің ішінде 43-орында тұр, мәні
0,8 балл (максималды 1 балдан). ЗҮИ 2023-пен салыстырғанда, бұл фактор бойынша
Қазақстанның позициясы бір сатыға жақсарып, 44-орыннан көтерілді. Елдің мәні де
шамалы өсіп, 2023 жылы 0,796 балл болған. «Құқықтық тәртіп және қауіпсіздік» факторы бойынша
көшбасшы елдер қатарында Люксембург (0,95 балл), Сингапур (0,94 ), Дания (0,93
балл), Ирландия (0,93 балл) және Норвегия (0,93 балл) бар. Ал ең төменгі мәндер
Буркина-Фасо (0,43 балл), Ауғанстан (0,38 балл), Пәкістан (0,37 балл), Мали
(0,37 балл) және Нигерияда (0,36 балл) байқалады. Қазақстанның ең жоғары көрсеткіші ЗҮИ 2020 аясында тіркеліп, 128 елдің ішінде 39-орынға ие болды. Ішкі факторларға бөлгенде, азаматтық қақтығыстардың болмауы ішкі факторы бойынша позицияның жақсаруы негізгі фактордың да жоғарылауына ықпал етті.
Нәтижесінде, ішкі фактордың мәні
сол деңгейде қалса да (1 балл), Қазақстанның позициясы ЗҮИ 2024 қорытындысында 9
сатыға жақсарып, 49-орынға көтерілді. Қазақстанның «Құқықтық тәртіп және қауіпсіздік»
факторы ішкі факторларының 2023-2024 жылдардағы динамикасы
Қақтығыстарды күшпен шешудің болмауы ішкі факторы
бойынша Қазақстанның позициясы салыстырмалы түрде жоғары – 40-орын (ЗҮИ 2023-те
38-орын, мәні 0,6 балл). Бұл ішкі фактор азаматтық дауларды шешуде немесе
Үкіметтен өтемақы алу үшін қорқыту мен күш қолдану деңгейін бағалайды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүйелі
жұмыс Қазақстанда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл қылмыс пен құқық бұзушылық санын
азайту, қылмыстарға жауапкершілікті күшейту, азаматтардың заңды құқықтары мен
бостандықтарын қорғау, алдын алу шараларын қамтиды.
Болашақтағы күтілетін нәтижелер Тұжырымдаманы жүзеге асыру нәтижесінде 2029 жылға
қарай неғұрлым қауіпсіз және тұрақты әлеуметтік орта қалыптасып, елдің
халықаралық рейтингтердегі позициялары нығаяды. Сонымен қатар, құқықтық тәртіп
деңгейі және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау көрсеткіштері
жақсарады.
Қарау саны: 29 |
|
|