«Рейтинг көрсеткіштері не туралы айтады?» айдары

13.01.2025

Халықаралық рейтингтердің көрсеткіштерін, олардың заңдардың сақталуы мен орындалуының маңыздылығын көрсететін қоғамдық пікірді бейнелеуін жалғастыра талдаймыз.


Негізгі құқықтарды қорғау - Құқық үстемдігі индексінің (ҚҮИ) (ары қарай – ҚҮИ) факторларының бірі.


Бұл фактор бойынша баға сарапшылар мен үй шаруашылықтары арасында жүргізілген сауалнама деректерінің негізінде қалыптастырылады. Әр фактор бойынша алынған деректер негізінде елдің қорытынды бағасы 0-ден 1-ге дейінгі диапазонда есептеледі, мұнда 1 балл құқық үстемдігі қағидатының ең жоғары деңгейін, ал 0 балл ең төменгі деңгейін білдіреді.

«Негізгі құқықтарды қорғау» факторы келесі 8 қосымша факторды қамтиды:

  1. Тең құқықтылық және дискриминацияның болмауы. Бұл қосымша фактор әлеуметтік-экономикалық жағдай, жыныс, этникалық тиістілік, дін, шетелдік азаматтық және жыныстық бағдар сияқты белгілер бойынша дискриминация мен теңсіздікке қатысты көзқарастарды зерттейді.
  2. Өмір сүру және адамның қауіпсіздігі құқығы. Қосымша фактор өмір сүру және жеке қауіпсіздік құқығының бұзылуын, соның ішінде құқық қорғау органдары мен мемлекеттің қатігез әрекеттерін қабылдауды өлшейді.
  3. Процестік құқық. Қосымша фактор қылмыстық істер бойынша айыпталушылардың құқықтарының бұзылуына қатысты қабылдаулар мен тәжірибеге назар аударады: кінәсіздік презумпциясы, қамауға алу, алдын ала қамау, азаптау, заң көмегі және түзету мекемелеріндегі жағдайлар.
  4. Пікір еркіндігі. Бұл қосымша фактор пікір білдіру және БАҚ еркіндігін, азаматтардың, саяси ұйымдардың және оппозицияның өз көзқарастарын еркін әрі қорқынышсыз білдіру мүмкіндігін зерттейді.
  5. Дін мен сенім еркіндігі. Елдегі дін мен сенім еркіндігі деңгейін бағалайды.
  6. Құпиялық құқығы. Азаматтардың жеке өміріне еркін араласудан қорғау деңгейін зерттейді.
  7. Жиналыстар мен бірлестіктер еркіндігі. Жиналыстар мен бірлестіктер еркіндігі деңгейін бағалайды.
  8. Еңбек құқығы. Еңбекақы төлеу теңдігі мен жалдау кезінде дискриминацияның болмауы сияқты еңбек құқықтарының сақталуын өлшейді.

2024 жылы «Негізгі құқықтарды қорғау» факторы бойынша Қазақстанның көрсеткіші 0,46 деңгейінде сақталып, рейтингі 100-ден 97-орынға жақсарды.

Дереккөз: Құқық үстемдігі индексі, 2020-2024 жылдар


Скандинавия елдері көш бастап тұр: Дания (0,92), Норвегия (0,90) және Финляндия (0,89). Ең төменгі көрсеткіштер Египетте (0,24), Иранда (0,25) және Мьянмада (0,17) тіркелген.

2023-2024 жылдар аралығында 8 қосымша фактордың төртеуі бойынша Қазақстанның позициялары жақсарды:

  • «Дін мен сенім еркіндігі» бойынша +7 орын;
  • «Пікір еркіндігі» бойынша +3 орын;
  • «Жиналыстар мен бірлестіктер еркіндігі» бойынша +2 орын;
  • «Тең құқықтылық және дискриминацияның болмауы» бойынша +1 орын.

Бұл жақсартулар фактордың ҚҮИ рейтингіндегі орнын нығайтуға ықпал етті.

2023-2024 жылдардағы «Негізгі құқықтарды қорғау» факторының қосымша факторлары бойынша Қазақстанның көрсеткіштері

Қосымша фактор

2023

2024

Өзгеріс

Тең құқықтылық және дискриминацияның болмауы

62 орын (0,59 балл)

61 орын (0,59 балл)

▲1

Өмір сүру және адамның қауіпсіздігі құқығы

80 орын (0,51 балл)

84 орын (0,48 балл)

▼4

Процестік құқық

74 орын (0,46 балл)

76 орын (0,45 балл)

▼2

Пікір еркіндігі

122 орын (0,38 балл)

119 орын (0,38 балл)

▲3

Дін мен сенім еркіндігі

112 орын (0,54 балл)

105 орын (0,58 балл)

▲7

Құпиялық құқығы

105 орын (0,28 балл)

105 орын (0,28 балл)

Жиналыстар мен бірлестіктер еркіндігі

127 орын (0,37 балл)

125 орын (0,4 балл)

▲2

Еңбек құқығы

87 орын (0,54 балл)

91 орын (0,53 балл)

▼4

Қазақстанның ең үздік көрсеткіші «Тең құқықтылық және дискриминацияның болмауы» субфакторы бойынша – 61 орын (0,59 балл).
Елімізде азаматтардың негізгі құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту және құқық қорғау органдарының жұмысын жақсарту бойынша кешенді жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

2024 жылы ҚҮИ бойынша Қазақстанның жалпы бағасы 0,54 баллды құрап, 65-орынға көтерілді (2023 жылмен салыстырғанда +0,01 балл).




Қарау саны: 22
Сақталған: 18.01.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!