Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сауда және инвестициялық ынтымақтастық

15.01.2025

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) арасындағы тауар айналымы 2024 жылдың 9 айында 213,4 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 млн АҚШ долларына өсті. 

Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап (633 млн АҚШ доллары) өзара сауда көлемінің 48%-ға төмендеуі байқалады, бұл Қазақстанның шикізаттық тауарларының (мыс, шикі мұнай) экспорт көлемінің азаюымен байланысты. 

Соған қарамастан, жоғары қосылған құны бар тауарлардың жеткізілімі артты, олардың қатарына өкпе вентиляциясы аппараттары, ұшу аппараттары кіреді. 

Айта кету керек, Қазақстан БАӘ-мен өзара саудада таза экспорттаушы болып табылады, тек 2024 жылдың 9 айында бұл көрсеткіш өзгерді, себебі Қазақстанға БАӘ-ден тігіссіз болат құбырлардың жеткізілімі артты. 

БАӘ-ге экспортталатын негізгі тауарлар: мұнай, мыс, фосфор және азық-түлік өнімдері. 

2021-2023 жылдары Қазақстанның БАӘ-ге экспортының негізгі сипаттамалары – экспорт көлемінің төмендеуі және экспорттық қоржынды әртараптандыру. Шикізаттық тауарлар экспорты айтарлықтай қысқарды: мыс жеткізілімі 543,6 млн АҚШ долларынан 38,4 млн АҚШ долларына дейін азайды. Алайда, 2023 жылы жаңа экспорттық позициялар пайда болды: күміс (19,14 млн АҚШ доллары), фосфор (13,4 млн АҚШ доллары), зергерлік бұйымдар (10,14 млн АҚШ доллары), сондай-ақ вермикулит минералы, тыныс алу жабдықтары, ұшу аппараттары және кептірілген бұршақ сияқты басқа да тауарлар, бірақ аз көлемде.  

Қазақстан БАӘ-ден құрылыс тауарлары мен машина жасау өнімдерін импорттайды: есептеу машиналары, қозғалтқыштар, тарату қалқандары – бұл тауарлар импорт қоржынының 55%-ын құрайды. 

2021-2023 жылдары Қазақстанның БАӘ-ден импортының өсу қарқыны байқалды және жаңа тауарлық позициялар әкеліне бастады. Мысалы, пластмасса плиталары, парақтары мен пленкалары импорты 2021 жылы 3,1 млн АҚШ долларынан 2023 жылы 14,1 млн АҚШ долларына дейін өсті, бұл «Abu Dhabi Plaza» құрылысын аяқтаумен байланысты. Сонымен қатар, 2023 жылы есептеу машиналары мен олардың блоктарын импорттау басталды, олардың құны 13,5 млн АҚШ долларына жетті, бұл да БАӘ инвестицияларымен жобаларды жүзеге асырумен түсіндіріледі. 

 

Тікелей шетелдік инвестициялар

2024 жылдың 3-тоқсанында Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 67 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 млн АҚШ долларына төмен. Ең жоғары инвестиция көлемі 2022 жылы тіркелді – 194 млн АҚШ доллары, бұл 2023 жыл деңгейінен 1,9 есеге жоғары. 

Бұл жағдайдың бір себебі – инвестициялық жобаларды іске асырудың белсенді фазасына өтуі болып табылады.  

Жалпы, Қазақстанда 2028 жылға дейін шамамен 2 трлн теңге сомасына 13 жобаны іске қосу, сондай-ақ БАӘ капиталының қатысуымен 4 жобаны аяқтау жоспарланған. 

БАӘ инвестициялары есебінен жүзеге асырылып жатқан жобалардың қатарына мыналар кіреді: 

- «Abu Dhabi Plaza» көпфункционалды кешенінің құрылысы; 

- Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу; 

- Астана қаласындағы SABIS халықаралық мектебінің құрылысы; 

- Техникалық кремний өндіру зауытының құрылысы; 

- Жемістер мен көкөністерді өсіру, өңдеу және сақтау.



Қарау саны: 25
Сақталған: 15.01.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!