Түркістан қаласы мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын әлеуметтанулық сауалнамалар арқылы зерттеу

16.01.2025

Түркістан облысы тұрғындары арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері халықтың өмір сүру сапасының жақсаруын көрсетеді.

2024 жылғы қалалардағы өмір сапасы рейтингінде Түркістан қаласы 10 балдан 6,43 балл жинап, бірінші орынды иеленді. Қала 2023 жылы да көшбасшы болды, ол кезде 5,19 балл жинаған еді. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 24%-ға артқан.

Қала «Экология және қауіпсіздік» (8,09 балл) және «Адам ресурстары» (6,66 балл) көрсеткіштері бойынша бірінші орынға, ал «Инфрақұрылым» (5,56 балл) көрсеткіші бойынша үшінші орынға ие болды. «Экономика және бизнес» факторы бойынша қала 5,47 балмен төртінші орында.

Рейтинг нәтижелеріне сәйкес, Түркістан қаласының экономикалық және бизнес саласын дамытуға, әсіресе өңдеу өнеркәсібін дамыту мен инвестиция тартуға назар аудару қажет. Қалада өздігінен жұмыспен қамтылған халықтың үлесі жоғары, оларды нақты экономиканы дамытуға тарту мүмкіндігі бар.

Қалада қолайлы бизнес ортаны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуі қажет. Бұл шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарының пайда болуына ықпал етеді.

Түркістан қаласының одан әрі дамуы үшін инфрақұрылым мен әлеуметтік қызметтерді жақсартуға шоғырлану қажет. Мектепке дейінгі мекемелер санын арттырып, мектептердің материалдық базасын жақсарту маңызды. Тұрғындардың пікірінше, саябақтар, спорт алаңдары мен ойын-сауық орталықтарының санының көбеюі өмір сүру үшін қолайлы жағдай жасайды.

Сондай-ақ, тұрғындар су құбыры және канализация жүйелерін жақсарту, қоғамдық көліктің жұмыс тиімділігін арттыру қажеттілігін атап өтуде.

Қазақстанның өңірлік әл-ауқат индексі бойынша, өңірде жұмыс сапасы мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, экономикалық жағдай, денсаулық сақтау, экология және әлеуметтік байланыстар сапасы көрсеткіштері жақсарғаны байқалады.

Жұмыс сапасы тұрғысынан тұрғындардың өз жұмысына қанағаттанбау үлесі 22,2%-дан 20,6%-ға дейін төмендеді. Сонымен қатар, аймақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері 1,5 есеге артып, 2023 жылы 57,5%-ға жетті.

Түркістан облысы тұрғындарының экономикалық әл-ауқаты оң динамика көрсетуде. Респонденттер ауылдық жерлердегі қаржылық жағдайдың 6,03 балдан 6,24 балға дейін жақсарғанын атап өтті. Шығындарын өтеу қиындықтарына тап болған адамдар үлесі 1,4 есеге азайып, 2023 жылы 39,1%-ды құрады.

Халық денсаулығының сапасына қанағаттану деңгейі артты. Медициналық қызмет көрсету сапасына қанағаттанбағандардың саны 9,9%-ға азайды, ал ауруханалар жетіспеушілігін атап өткендердің үлесі 8%-ға қысқарды.

Өңірде инфрақұрылым, білім беру және тұрғын үй сапасына байланысты мәселелер бар.

Жол-көлік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым сапасының төмендеуі байқалды. Электрмен жабдықтау ең жоғары бағаға – 2,61 балға (4-тен) ие болды, ең төменгі баға канализация жүйесіне (2,14 балл) және жолдарға (2,11 балл) берілді.

Су құбырының сапасы 2,54 балға, жылу беру – 2,49 балға, интернет – 2,41 балға, көлік – 2,3 балға бағаланды. Жалпы, респонденттердің бағасы (шамамен 2,5 балл 4-тен) өңірдегі инфрақұрылымның төмен сапасын көрсетеді.

Тұрғын үй жағдайының сапасына қанағаттану деңгейі 4,2%-ға төмендеді, нәтижесінде әрбір төртінші тұрғын өз тұрғын үй жағдайына қанағаттанбайды.

2023 жыл қорытындысы бойынша зерттеу нәтижелері 2022 жылмен салыстырғанда экономикалық жағдай мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктерінің жақсарғанын, инфрақұрылым, білім беру және тұрғын үй жағдайларында белгілі бір қиындықтардың бар екенін көрсетеді.

Зерттеу нәтижелерімен толығырақ келесі сілтемелер бойынша танысуға болады:

Қалалардағы өмір сапасы рейтингі:
https://eri.kz/ru/Issledovanija_instituta/Regionalnye_issledovanija/Rejting_kachestva_zizni/

Өңірлік әл-ауқат индексі:
https://eri.kz/ru/Issledovanija_instituta/Regionalnye_issledovanija/Rejting_blagopoluchija/Regionalnyj_indeks_blagosostojanija_za_2023_god



Қарау саны: 28
Сақталған: 18.01.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!