Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына талдамалық шолу
17.01.2025
«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Қазақстан Республикасының соңғы үш жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуына аналитикалық шолу жасады.
Қазақстан Республикасы экономиканы әртараптандыру және реформаларды жүзеге асыру аясында ЖІӨ-нің тұрақты өсуін көрсетіп отыр. Елдің ЖІӨ үш жылда номиналды түрде 1,4 есеге артты, ал 2023 жылы нақты өсім 5,1%-ға жетіп, соңғы он жылда алғаш рет 5%-дан асты. Өсімнің салалық драйверлері ретінде өнеркәсіп пен сауданы атап өтуге болады. Бұл
ретте өңдеу өнеркәсібі ЖІӨ құрылымында елеулі үлеске ие болып, экономиканы
әртараптандыру мен тұрақты өсімнің маңызды факторы болып табылады. Сонымен
бірге, тау-кен өнеркәсібі мемлекеттік бюджетке түсетін негізгі табыс көзі болып
қала береді.
Қазақстан тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша Орталық Азияда көшбасшы орнын сақтап келеді және өңдеу өнеркәсібіне елеулі қаражат тарта отырып, бұл бағыттағы көрсеткіштерін жақсартуда.
Халықтың өмір сүру деңгейін арттыру
мақсатында жыл сайын мемлекеттік жәрдемақылар мен зейнетақылардың барлық
түрлері индекстеліп, ең төменгі жалақыны есептеу әдістемесі жетілдірілуде,
ғылыми қызметкерлер мен оқытушыларға ақшалай қосымша төлемдер ұлғаюда. Қазақстан экономикасын нығайтып, инвестициялық ахуалды жақсартып және азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыра отырып, аймақтық көшбасшы және шетелдік инвесторлар үшін сенімді серіктес болуды жалғастыруда. Шолудың толық
нұсқасымен сілтеме арқылы таныса аласыз: https://eri.kz/documents/news/news_inst/2025/jan25/tendencijalary2.pdf
Қарау саны: 19 |
|
|