«Рейтинг көрсеткіштері не туралы айтады?» айдары
20.01.2025
Келесі жарияланымдарда мемлекеттік басқару саласындағы көрсеткіштерді қарастырамыз.
Анықтама: Бұл индикатор азаматтардың, кәсіпкерлердің және
мемлекеттік, жеке секторлар мен ҮЕҰ сарапшыларының мемлекеттік басқарудың
әртүрлі аспектілерінің сапасы туралы пікірлері мен тәжірибелерін көрсететін
негізгі дереккөздердің орташа мәні арқылы есептеледі.
Қорытынды бағалар -2,5-тен +2,5-ке дейінгі
стандартты қалыпты бірліктермен өлшенеді, мұндағы жоғары мәндер жақсы басқаруды
көрсетеді. Соңғы бес
жылда Қазақстанның көрсеткіші біртіндеп жақсарған, тек 2021 жылы 0,11-ден
0,03-ке дейін төмендеу байқалды. Аталған
индикатор бойынша ең жоғары бағаларды Сингапур (2,1), Швейцария (2,0), Монако
(2,0), Дания (2,0) және Норвегия (1,9) алды. Ең төменгі көрсеткіштер Афганистан
(-1,9), Сомали (-2,0), Гаити (-2,2), Йемен (-2,2) және Оңтүстік Суданға (-2,4)
тиесілі.
ЭЫДҰ
елдері арасында Қазақстан Колумбия (0,01), Түркия (-0,2) және Мексиканы (-0,3)
артта қалдырған.
Глобалды
инновациялық индекс
Бұл
индикатор бойынша Қазақстанның позициялары тұрақсыз: рейтингте 70-тен 58 орын
аралығында. Алайда 2024 жылғы рейтингте ел 2020 жылмен салыстырғанда 28
позицияға жоғарылаған. Сингапур,
Швейцария, Дания, Норвегия және Люксембург үкіметтің жоғары тиімділігімен көш
бастап отыр. Ал Мали, Зимбабве, Бурунди, Ливан және Мьянма ең төменгі
көрсеткіштерге ие.
ЭЫДҰ
елдері арасында Қазақстан Коста-Рика (64-орын), Колумбия (67-орын), Түркия
(81-орын) және Мексикадан (83-орын) озық.
Мемлекеттік
қызмет көрсету сапасы бойынша халықтың қанағаттану деңгейі Республикалық
қоғамдық бірлестік «Жаңа шабыттың» 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету
сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша Қазақстанда халықтың
қанағаттану деңгейінің өсіп келе жатқанын көрсетті. 2023 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 81,3%-ды құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 0,1 пайыздық пунктке (81,2%) және 2018 жылмен салыстырғанда 9 п.т. (72,4%) жоғары. Бұл оң
динамика автоматтандыру процестерін дамыту, «бір терезе» қағидатын ілгерілету
және мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшірумен байланысты.
Негізгі мақсат – мемлекеттік қызмет көрсету процестерін азаматтар мен бизнестің қажеттіліктеріне барынша бейімдеу, сервистік модель құру, мемлекеттік шешімдер қабылдаудың тиімділігін жақсарту, сондай-ақ азаматтардың басқару процесіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету арқылы «жаңа қоғамдық келісімді» іске асыру үшін жағдай жасау.
Бұл
бастамаларды жүзеге асыру нәтижесінде Дүниежүзілік банктің мемлекеттік басқару
тиімділігінің индексі бойынша ұлттық индикаторға қол жеткізіледі.
Қарау саны: 40 |
|
|