«Рейтинг көрсеткіштері не туралы айтады?» айдары

20.01.2025

Келесі жарияланымдарда мемлекеттік басқару саласындағы көрсеткіштерді қарастырамыз.

«Үкімет тиімділігі» индикаторы – Дүниежүзілік банктің алты Жалпыәлемдік мемлекеттік басқару көрсеткіштерінің (WGI) бірі. Ол мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекеттік қызметтің саяси қысымнан тәуелсіздігін, саясатты әзірлеу мен іске асыру сапасын, сондай-ақ үкіметтің осындай саясатқа адалдығына деген сенімді көрсетеді.

 

Анықтама:

Бұл индикатор азаматтардың, кәсіпкерлердің және мемлекеттік, жеке секторлар мен ҮЕҰ сарапшыларының мемлекеттік басқарудың әртүрлі аспектілерінің сапасы туралы пікірлері мен тәжірибелерін көрсететін негізгі дереккөздердің орташа мәні арқылы есептеледі.

Қорытынды бағалар -2,5-тен +2,5-ке дейінгі стандартты қалыпты бірліктермен өлшенеді, мұндағы жоғары мәндер жақсы басқаруды көрсетеді.

Соңғы бес жылда Қазақстанның көрсеткіші біртіндеп жақсарған, тек 2021 жылы 0,11-ден 0,03-ке дейін төмендеу байқалды.

Аталған индикатор бойынша ең жоғары бағаларды Сингапур (2,1), Швейцария (2,0), Монако (2,0), Дания (2,0) және Норвегия (1,9) алды. Ең төменгі көрсеткіштер Афганистан (-1,9), Сомали (-2,0), Гаити (-2,2), Йемен (-2,2) және Оңтүстік Суданға (-2,4) тиесілі.

ЕАЭО елдері арасында Қазақстан Арменияны (-0,31), Ресейді (-0,7), Беларусьті (-0,85) және Қырғызстанды (-0,89) басып озады.

ЭЫДҰ елдері арасында Қазақстан Колумбия (0,01), Түркия (-0,2) және Мексиканы (-0,3) артта қалдырған.

 

Глобалды инновациялық индекс

«Үкімет тиімділігі» индикаторы Глобалды инновациялық индексте де ескеріліп, стандартталған мәндер арқылы бағаланады.

Бұл индикатор бойынша Қазақстанның позициялары тұрақсыз: рейтингте 70-тен 58 орын аралығында. Алайда 2024 жылғы рейтингте ел 2020 жылмен салыстырғанда 28 позицияға жоғарылаған.

Сингапур, Швейцария, Дания, Норвегия және Люксембург үкіметтің жоғары тиімділігімен көш бастап отыр. Ал Мали, Зимбабве, Бурунди, Ливан және Мьянма ең төменгі көрсеткіштерге ие.

Бұл индикатор бойынша Қазақстан ЕАЭО елдерінен озып, ең жақсы нәтижеге жеткен, ал Қырғызстан ең нашар көрсеткішке (121-орын) ие.

ЭЫДҰ елдері арасында Қазақстан Коста-Рика (64-орын), Колумбия (67-орын), Түркия (81-орын) және Мексикадан (83-орын) озық.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша халықтың қанағаттану деңгейі

Республикалық қоғамдық бірлестік «Жаңа шабыттың» 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша Қазақстанда халықтың қанағаттану деңгейінің өсіп келе жатқанын көрсетті.

2023 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 81,3%-ды құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 0,1 пайыздық пунктке (81,2%) және 2018 жылмен салыстырғанда 9 п.т. (72,4%) жоғары. 

Бұл оң динамика автоматтандыру процестерін дамыту, «бір терезе» қағидатын ілгерілету және мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшірумен байланысты.

Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары аясында мемлекеттік қызмет көрсету және мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру басымдылығы айқындалған.

Негізгі мақсат – мемлекеттік қызмет көрсету процестерін азаматтар мен бизнестің қажеттіліктеріне барынша бейімдеу, сервистік модель құру, мемлекеттік шешімдер қабылдаудың тиімділігін жақсарту, сондай-ақ азаматтардың басқару процесіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету арқылы «жаңа қоғамдық келісімді» іске асыру үшін жағдай жасау.

Бұл бастамаларды жүзеге асыру нәтижесінде Дүниежүзілік банктің мемлекеттік басқару тиімділігінің индексі бойынша ұлттық индикаторға қол жеткізіледі.




Қарау саны: 41
Сақталған: 20.01.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!