Қазақстанда тұтынушылық жылдық инфляция желтоқсан айында 8,6%-ға дейін жылдамдап, қарашадағы 8,4%-бен салыстырғанда өсті.
Еуропа
елдерінде және АҚШ-та инфляция орташа есеппен 0,7% бен 6% аралығында сақталып
отыр. Ең төменгі көрсеткіштер Лихтенштейн (0,6%), Швейцария (0,6%), Люксембург
(1,0%) елдерінде тіркелген. Ал ең жоғары мәндер Исландияда (4,8%), Румынияда
(5,1%), Беларусьта (5,2%) және Молдовада (7,0%) байқалды. Еуроаймақтағы жылдық
инфляция қатарынан үшінші айда жылдамдап, желтоқсанда 2,4%-ға жетті. Бұл 2024
жылдың шілдесінен бергі ең жоғары деңгей. Энергия тасымалдаушылардың бағасы
0,1%-ға өсті, ал қызметтер саласындағы инфляция 4%-ға дейін жылдамдады. АҚШ-та
жылдық инфляция қатарынан үшінші айда артып, желтоқсан айында 2,9%-ға жетті.
Инфляцияның өсуіне энергия тасымалдаушылар бағасының төмендеу қарқынының
баяулауы әсер етті (-0,5% қарашадағы -3,2%-бен салыстырғанда), әсіресе бензин
(-3,4% қарашадағы -8,1%-бен салыстырғанда), мазут (-13,1% қарашадағы -19,5%-бен
салыстырғанда) және табиғи газ бағасы (4,9% қарашадағы 1,8%-бен салыстырғанда).
Сонымен қатар, азық-түлік (2,5%) және көлік (7,1%) бағасы өсті.
Жақын елдердің ішінде инфляция бойынша көшбасшы Түркия болып қала береді.
Мұнда жылдық инфляция желтоқсан айында 44,4%-ға дейін төмендеп, қарашадағы
47,1%-бен салыстырғанда төмендеді. Әлемдегі ең жоғары инфляция деңгейі
Аргентинада тіркелді. Бұл елде инфляция желтоқсан айында 166,0%-дан 117,8%-ға
дейін төмендеді.
Қазақстандағы инфляция деңгейі ТМД елдері арасында ең жоғары
көрсеткіштердің бірі болып отыр. Көршілес елдерде инфляция деңгейі Өзбекстанда*
10,2%-ды, Қырғызстанда 6,3%-ды құрады. Ресейдегі жылдық инфляция қарашадағы
8,9%-дан күрт өсіп, желтоқсан айында 9,5%-ға жетті. Инфляцияның жылдамдауы
қызметтер (11,5%) мен азық-түлік (11,1%) бағасының, әсіресе көкөніс бағасының
(22,1%) өсуімен байланысты болды.
Қытайда жылдық инфляция қарашадағы 0,2%-дан 0,1%-ға дейін баяулады.
Азық-түлік тауарларының бағасы өсу қарқыны 0,5%-ға дейін төмендеді, ал
азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 0,2%-ға өсті.