ЭЫДҰ стандарттары және Қазақстан

21.01.2025

Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) 15 жылдан астам уақыт бойы тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында ел ЭЫДҰ стандарттарына негізделген ауқымды реформаларды жүзеге асырып, экономиканың әртүрлі секторларында айтарлықтай жетістіктерге жетті.

ОЭСР стандарттарын табысты іске асырудың жарқын мысалдарының бірі – Инвестициялық омбудсмен институтының құрылуы болып табылады.

Анықтама: Инвестициялық омбудсмен – инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу функциялары жүктелген лауазымды тұлға.

Бұл бастаманың ЭЫДҰ тәжірибесіне негізделгенін және көптеген дамыған елдерде табысты қолданылып жатқанын атап өткен жөн. Мысалы, Оңтүстік Кореяда шетелдік инвесторларға арналған Омбудсмен институты 1999 жылдан бері жұмыс істейді. Кореяның Инвестициялық омбудсменінің соңғы есебіне сәйкес, даулардың алдын алудың тиімді механизмі инвестициялық шешімдерді қабылдауға оң әсер етеді. Мәселен, 2024 жылдың бірінші жартысында Омбудсменнің қолдауымен шешім тапқан шетелдік инвестициялары бар компаниялар ел экономикасына 2,16 млрд АҚШ долларын қайта инвестициялаған.

Сонымен қатар, Инвестициялық омбудсменге ұқсас институттар АҚШ, Канада, Австралия, Ұлыбритания, Дания, Жапония сияқты дамыған және дамушы елдерде бар, олар инвестицияларды тарту мен тұрақтылықты арттыруда оң ықпал етеді.
Мысалы, Ұлыбританияда Financial Ombudsman Service құрылғаннан кейін алғашқы бес жыл ішінде тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 15%-ға өсті. Ал Канададағы Banking Services and Investments (OBSI) омбудсмені клиенттердің қанағаттану деңгейінің 85%-ын көрсетті, бұл өз кезегінде жыл сайынғы инвестициялық белсенділіктің 12%-ға артуына әкелді.

ЭЫДҰ елдерінің озық тәжірибелерін ескере отырып, Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында 2011-2012 жылдары ЭЫДҰ сарапшылары елдің инвестициялық саясатына алғашқы шолуды жүргізді. Соның нәтижесінде, Инвестициялық омбудсмен институтын құру ұсынылды.

Осы ұсынысты жүзеге асыру мақсатында 2014 жылы Қазақстанда Инвестициялық омбудсмен институты құрылып, оның қызметтері «Инвестициялар туралы» ҚР Заңымен айқындалды.

Ресми деректерге сәйкес, аталған институт құрылған сәттен бастап шетелдік және отандық инвесторлардан 200-ден астам өтініш келіп түсті, олардың шамамен 80%-ы табысты шешімін тапты. Бұл Инвестициялық омбудсменге деген сенім мен оның қызметінің дамып келе жатқанын көрсетеді.

Сонымен қатар, Қазақстанда тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) өсімі байқалуда. 2023 жылы бұл көрсеткіш рекордтық 28 млрд АҚШ долларын құрап, алдыңғы жылдармен салыстырғанда 18%-ға артты. Бұл – инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау жолындағы мемлекеттік күш-жігердің нәтижесі.

Айта кету керек, ЭЫДҰ стандарттарын, соның ішінде Инвестициялық омбудсмен институтын енгізу, Қазақстанның аталған ұйымға мүшелікке өту жолындағы маңызды қадамдарының бірі болып табылады.

Жалпы, Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығы тұрақты экономикалық дамудың жаңа көкжиектерін ашып, халықтың әл-ауқатын арттыруға және елдегі инвестициялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді.

 



Қарау саны: 30
Сақталған: 21.01.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!