ШОБ сандармен: электр энергиясымен, газбен, бу, ыстық сумен және кондицияланған ауамен қамтамасыз ету
21.01.2025
Электр энергиясымен, газбен, бу, ыстық сумен және кондицияланған ауамен қамтамасыз ету секторы Қазақстан экономикасының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Осы саладағы шағын және орта бизнес инфрақұрылымды дамыту, энергиямен жабдықтауды жаңғырту және энергия тиімділігін арттыру бойынша маңызды міндеттерді орындайды.
2024 жылдың 1 желтоқсанына секторда 2 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Бұл Қазақстандағы жалпы ШОБ санының 0,1%-ын құрайды. Саны жағынан салыстырмалы түрде шағын болғанымен, бұл сектор елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде стратегиялық маңызға ие.
2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында сектордағы жалпы өнім көлемі 402 млн
теңгені құрап, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға өсті. Өсудің
негізгі қозғаушы күштері – электр энергиясы мен газға деген сұраныстың артуы,
ауылдық аймақтарда инфрақұрылымға қолжетімділіктің кеңеюі және энергетиканы
қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру болды. Секторда жұмыс істейтін бір адамға
шаққандағы орташа өнім көлемі 24,8 млн теңгені құрап, бұл ШОБ салалары арасында
жоғары көрсеткіш болып табылады. Барлық ШОБ салаларының ішінде бұл секторда ең аз жұмыс күші – 16 мыңнан
астам адам жұмыспен қамтылған.
Саланың басты қиындықтарының бірі – жобалардың жоғары капитал сыйымдылығы
және қосымша инвестицияларды тарту қажеттілігі. Екібастұз және басқа
қалалардағы жағдайлар сыни инфрақұрылымды басқару тәсілдерін қайта қарау
қажеттілігін көрсетеді. Мәселе тек жекеменшікке ғана қатысты емес, сонымен
бірге жаңғырту мен бақылаудың кешенді тәсілін қажет етеді. Осы тұрғыда шағын
және орта бизнес қазіргі заманғы технологияларды енгізіп, энергетикалық
инфрақұрылымды басқару сапасын жақсарта отырып, шешімнің бір бөлігі бола алады. Электр энергиясымен, газбен, бу, ыстық сумен және кондицияланған ауамен
қамтамасыз ету секторы заманауи сын-қатерлер мен трендтерге бейімделе отырып,
дами береді. Шағын және орта бизнес энергетикалық экожүйенің маңызды буыны
болып қала отырып, Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына елеулі үлес қосуда.
Қарау саны: 37 |
|
|