Қазақстанда туу көрсеткіші төмендей ме?
23.01.2025
2020-2021 жылдары Қазақстанда «карантиндік бэби-бум» кезеңі ретінде танылды. Бұл жылдары
тәуелсіздік алғаннан бергі ең жоғары туу көрсеткіші тіркелді. Соңғы екі жылда
туу көрсеткішінің төмендеуі байқалып, жиынтық туу коэффициенті 2019 жылғы
деңгейге қайта оралды.
Көпшілікті
«Елде туу көрсеткіші одан әрі төмендей ме?» деген сұрақ мазалайды. Туу
көрсеткішінің төмендеуіне қатысты бірнеше алғышарт бар: Екіншіден, Қазақстанда
туу деңгейі көбінесе ауылдық жерлердің есебінен қамтамасыз етіледі. 2023 жылы
бір қала әйеліне шаққанда 2,63 туу, ал бір ауыл әйеліне шаққанда 3,59 туу
тіркелді. Соңғы онжылдықта (2013-2023 жж.) туу деңгейінің өсу қарқыны қалада
9,6%, ауылда 19,3% құрады. Сонымен қатар, урбанизация процесі қарқынды жүріп
жатыр. 2013 жылы қалалық халықтың үлесі 54,9% болса, 2023 жылы бұл көрсеткіш
62,2%-ға жетті. Мегаполистердің үлесі 2017 жылғы 20,3%-дан 2023 жылы 24,4%-ға
өсті. Қалалық халыққа тән туу көрсеткішінің төмендеу себептері: ажырасудың
жоғары деңгейі, некеге тұру мен балалы болуды кейінге қалдыру, некесіз бірге
тұрудың кең таралуы, әлеуметтік-экономикалық қиындықтар.
Үшіншіден, жас
әйелдердің аз балалы болуға бейімділігі туу көрсеткішінің болашақтағы
төмендеуіне ықпал етуі мүмкін. 2021 жылғы Ұлттық халық санағының нәтижелері
бойынша 15-19 жас аралығындағы әйелдердің 27,1%-ы бір бала, 31,8%-ы екі бала,
17,1%-ы үш бала, 16,9%-ы төрт бала, 7,1%-ы бес және одан да көп бала
жоспарлаған. Төртіншіден,
репродуктивті жастағы халықтың құндылықтарының өзгеруі де туу көрсеткішіне әсер
етеді. Мысалы, Еуропа елдерінде туу көрсеткішінің төмендеу себептерінің бірі –
ерлі-зайыптылардың «ерікті түрде бала сүймеуі». Сондықтан репродуктивті және
құндылықтық бағдарларды жүйелі зерттеу елдегі демографиялық жағдайды болжаудың
маңызды бөлігі болып табылады. Шынар Төлешова Өңірлік
зерттеулер және өмір сапасы орталығының жетекші сарапшысы,
Қарау саны: 92 |
|
|