Қазақстанда туу көрсеткіші төмендей ме?

23.01.2025

2020-2021 жылдары Қазақстанда «карантиндік бэби-бум» кезеңі ретінде танылды. 

Бұл жылдары тәуелсіздік алғаннан бергі ең жоғары туу көрсеткіші тіркелді. Соңғы екі жылда туу көрсеткішінің төмендеуі байқалып, жиынтық туу коэффициенті 2019 жылғы деңгейге қайта оралды.


2019

2020

2021

2022

         2023

Тірі туылғандар саны (адам)

      402 310

426 824

     446 491

 

403 893

388 428

Жалпы туу коэффициенті (1000 адамға шаққанда)

21,73

22,76

23,50

20,57

19,52

Жалпы туу коэффициенті (1000 адамға шаққанда)

2,90

3,13

        3,13

 

3,05

2,96


Көпшілікті «Елде туу көрсеткіші одан әрі төмендей ме?» деген сұрақ мазалайды. Туу көрсеткішінің төмендеуіне қатысты бірнеше алғышарт бар:

Біріншіден, туу көрсеткішінің өсуі, яғни «бэби-бум» құбылысы уақытша сипатқа ие. «Карантиндік бэби-бум» бір жағынан COVID-19 пандемиясы кезіндегі карантиндік шаралармен байланысты болуы мүмкін. Екінші жағынан, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары немесе күндізгі оқу түріндегі студенттері бар отбасыларға арнайы жәрдемақы енгізілуімен байланыстырылады. Мысалы, 2020 жылы төртінші (12,9%-дан 15,9%-ға дейін), бесінші және одан жоғары баланың үлесі (8,8%-дан 10,3%-ға дейін) айтарлықтай өсті. Бұл құбылысты түсіндіру үшін арнайы әлеуметтік зерттеу қажет.

Екіншіден, Қазақстанда туу деңгейі көбінесе ауылдық жерлердің есебінен қамтамасыз етіледі. 2023 жылы бір қала әйеліне шаққанда 2,63 туу, ал бір ауыл әйеліне шаққанда 3,59 туу тіркелді. Соңғы онжылдықта (2013-2023 жж.) туу деңгейінің өсу қарқыны қалада 9,6%, ауылда 19,3% құрады. Сонымен қатар, урбанизация процесі қарқынды жүріп жатыр. 2013 жылы қалалық халықтың үлесі 54,9% болса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 62,2%-ға жетті. Мегаполистердің үлесі 2017 жылғы 20,3%-дан 2023 жылы 24,4%-ға өсті. Қалалық халыққа тән туу көрсеткішінің төмендеу себептері: ажырасудың жоғары деңгейі, некеге тұру мен балалы болуды кейінге қалдыру, некесіз бірге тұрудың кең таралуы, әлеуметтік-экономикалық қиындықтар.

Үшіншіден, жас әйелдердің аз балалы болуға бейімділігі туу көрсеткішінің болашақтағы төмендеуіне ықпал етуі мүмкін. 2021 жылғы Ұлттық халық санағының нәтижелері бойынша 15-19 жас аралығындағы әйелдердің 27,1%-ы бір бала, 31,8%-ы екі бала, 17,1%-ы үш бала, 16,9%-ы төрт бала, 7,1%-ы бес және одан да көп бала жоспарлаған.

Төртіншіден, репродуктивті жастағы халықтың құндылықтарының өзгеруі де туу көрсеткішіне әсер етеді. Мысалы, Еуропа елдерінде туу көрсеткішінің төмендеу себептерінің бірі – ерлі-зайыптылардың «ерікті түрде бала сүймеуі». Сондықтан репродуктивті және құндылықтық бағдарларды жүйелі зерттеу елдегі демографиялық жағдайды болжаудың маңызды бөлігі болып табылады.

Шынар Төлешова

Өңірлік зерттеулер және өмір сапасы орталығының жетекші сарапшысы, Демография бойынша PhD

 

 



Қарау саны: 90
Сақталған: 23.01.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!