Павлодар облысы бюджетінің кірістері 2021 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде 1,5 есеге өсті – 2021 жылғы 350,8 млрд теңгеден (жергілікті бюджеттердің жалпы кірісінің 4,0%-ы) 2023 жылы 530,6 млрд теңгеге дейін (жергілікті бюджеттердің жалпы кірісінің 3,9%-ы).
Бюджет
кірістеріндегі ең үлкен үлесті құрайтын салықтық түсімдер – орта есеппен 54,9%,
1,8 есеге өсті: 2021 жылы 174,6 млрд теңгеден (жергілікті бюджеттерге түскен
барлық салық түсімдерінің 4,8%-ы) 2023 жылы 311,1 млрд теңгеге дейін
(жергілікті бюджеттерге түскен барлық салық түсімдерінің 5,2%-ы).
- Заңды тұлғалардың корпоративтік табыс
салығы (ірі кәсіпкерлік субъектілері мен мұнай секторы ұйымдарынан түсімдерді
қоспағанда)
32,6%-ға өсті – 2021 жылғы 18,4 млрд теңгеден (Павлодар облысы бюджетіне түскен
барлық салық түсімдерінің 10,5%-ы) 2023 жылы 24,4 млрд теңгеге дейін (7,9%).
- Жеке табыс салығы бойынша түсімдер 1,7
есеге өсті – 2021 жылғы 39,2 млрд теңгеден (22,5%) 2023 жылы 67,9 млрд теңгеге
дейін (21,8%).
- Әлеуметтік салық түсімдері 1,6
есеге артты – 2021 жылғы 30,3 млрд теңгеден (17,4%) 2023 жылы 47,9 млрд теңгеге
дейін (15,4%).
- Мүлік салығы, жер салығы, көлік
құралдары салығы, бірыңғай жер салығы сияқты меншіктен түсетін салықтар
13,5%-ға өсті – 2021 жылғы 19,2 млрд теңгеден (11,0%) 2023 жылы 21,8 млрд
теңгеге дейін (7,0%).
- Ішкі тауарлар мен қызметтерге салынатын
салықтар, басқа да міндетті төлемдер 2,2 есеге артты – 2021 жылғы
67,5 млрд теңгеден (38,7%) 2023 жылы 149,2 млрд теңгеге дейін (48,0%).
Трансферттерден
түсетін түсімдер Павлодар облысы бюджеті кірістерінің орташа
42,4%-ын құрайды. Олар 25,4%-ға өсті – 2021 жылғы 165,2 млрд теңгеден
(жергілікті бюджеттерге түскен барлық трансферттердің 3,5%-ы) 2023 жылы 207,2
млрд теңгеге дейін (2,9%).
Негізгі
капиталды сатудан түскен түсімдер облыс кірістерінің орташа
1,5%-ын құрайды, олар 1,9 есеге өсті – 2021 жылғы 4,2 млрд теңгеден (жергілікті
бюджеттерге түскен барлық түсімдердің 2,1%-ы) 2023 жылы 7,7 млрд теңгеге дейін
(4,3%).
Салықтық
емес түсімдер,
олар Павлодар облысы бюджеті кірістерінің орташа 1,2%-ын құрайды, 33,9%-ға
азайды – 2021 жылғы 6,8 млрд теңгеден (жергілікті бюджеттерге түскен барлық
салықтық емес түсімдердің 5,7%-ы) 2023 жылы 4,5 млрд теңгеге дейін (2,2%).