«Қазақстанда көміртегі салығын енгізу мүмкіндіктері» тақырыбындағы дөңгелек үстелі

29.01.2025

2025 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасының Экономикалық зерттеулер институтының қабырғасында Дүниежүзілік банкпен бірлесіп «Қазақстанда көміртегі салығын енгізу мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, жеке сектор мен сарапшылар қауымдастығының негізгі өкілдері қатысты.

Іс-шараға Чехия және Нидерланд Елшіліктерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Дүниежүзілік банктің, «Қазақстандық даму қауымдастығы» ЗТБ АҚ, «Электр энергетикасы және энергия үнемдеу институты» АҚ, «Qarmet» АҚ, PwC Kazakhstan, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, KPMG, «Қазақстандық коммуналдық жүйелер» ЖШС, «Эйр Астана» АҚ және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.

Құттықтау сөзін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов пен Қазақстандағы Дүниежүзілік банктің елдік менеджері Андрей Михнев сөйледі.

Іс-шараның модераторы – Климаттың өзгеруі және жасыл энергетика жөніндегі жобалық кеңсенің басшысы Қуаныш Бейсенгазин болды.

Талқылау барысында көміртегі салығын енгізудің экономикалық тиімділігі, көмірқышқыл газы шығарындыларына салық салудың әлемдік тәжірибесі және басқа да мәселелер қарастырылды.

Сондай-ақ көміртегіге тиімді баға белгілеу тетігі көміртегі бейтараптығына көшу және кірістерді арттыру мақсаттарына қалай ықпал ете алатыны талқыланды. Бұл салық шығарындыларға квота саудасы жүйесін толықтыру құралы ретінде ұсынылуы мүмкін.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар Қазақстанның саясатын мұқият жоспарлау арқылы көміртегі салығын жергілікті дамудың басымдықтарын қолдау, климатты қорғау жөніндегі міндеттемелерді орындау және бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін пайдалану мүмкіндігі бар екенін атап өтті.



Қарау саны: 64
Сақталған: 05.02.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!