Степногорск моноқаласы туралы

30.01.2025

Степногорск қаласы Астанадан солтүстік-шығысқа қарай 195,6 км қашықтықта орналасқан. Облыс орталығы – Көкшетау қаласына дейінгі қашықтық 248 км.

Степногорск 1956 жылы Солтүстік Қазақстандағы уран кен орындарын игеруге бағытталған Тың тау-химия комбинатының құрылуына байланысты негізі қаланған.

Халқы
2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қала халқының саны 67,5 мың адамды құрады, оның ішінде қалалық тұрғындар – 64,6 мың адам, ауылдық тұрғындар – 2,9 мың адам.

Қаланың негізгі кәсіпорындары

  • "Степногорск тау-химия комбинаты" ЖШС – уран өнімдерін өндіру және байыту.
  • "Степногорск подшипник зауыты" АҚ – подшипник өнімдерін өндіру.
  • "Қазақалтын" ТКМК" АҚ – алтын құрамды кенді өндіру және байыту.

Экономикалық мамандануы
Степногорск – индустриалды бағыттағы моноқала. Негізгі экономикалық салалар:

  • Тау-кен металлургия өнеркәсібі (алтын мен уран өндіру, уран және молибден кендерін қайта өңдеу).
  • Химия өнеркәсібі (минералды тыңайтқыштар, фармацевтикалық өнімдер).
  • Машина жасау (подшипник өндірісі, тау-кен өнеркәсібіне арналған жабдықтар шығару).

Минералдық-шикізат базасы
Қала аумағында ірі алтын, қалайы, вольфрам және уран кен орындары, сондай-ақ техникалық алмаздар, мусковит, вермикулит, апатит, каолин, глауконит фосфориттері, әктас, гранит сияқты пайдалы қазбалар тобы орналасқан.

Өнеркәсіптік әлеуеті
Степногорск Ақмола облысындағы ірі өнеркәсіптік орталықтардың бірі болып табылады. 2024 жылдың басында қаладағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 408,7 млрд теңгені құрап, облыстық деңгейдегі үлесі 22,8%-ға дейін өсті.

Диверсификация мүмкіндіктері
Қала электр энергиясының профицитіне ие, бұл жаңа өндірістерді дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Қолданыстағы бос өндірістік алаңдар мен инфрақұрылымның болуы, соның ішінде "Прогресс" өнеркәсіптік аймағы, инвесторлар тартуға ықпал етеді.

Көлік инфрақұрылымын дамыту
Жоспарланған "Айсары-Чкалов", "Айсары-Макинск", "Айсары-Бурабай курорты" теміржол желілерінің құрылысы көлік қолжетімділігін жақсартуға, жүк тасымалын оңтайландыруға және инвестициялық тартымдылықты арттыруға мүмкіндік береді.

Агроөнеркәсіптік кешен
Қалада жылыжай шаруашылықтарын дамыту азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, жаңа жұмыс орындарын құруда. 2023 жылы жылыжай өнімдерінің өндірісі:

  • 561 тонна қызанақ
  • 922 тонна қияр
  • 110 тонна баклажан
  • 621 тонна көкөніс
    жалпы сомасы 1,37 млрд теңгені құрады.
    Жылыжай кешенінің аумағы 5 гектардан 6,5 гектарға дейін кеңейтілуде. 2023 жылы баклажан өсіру бөлімі іске қосылды, ал болашақта құлпынай өсіру бағытын дамыту жоспарлануда.

Гүл өсіру шаруашылығы
2007 жылдан бері 3 гектарлық жылыжайда гидропоника және тамшылатып суару технологияларын қолдана отырып, жыл сайын 5 млн дана кесілген гүл (Avalanche, Peach Avalanche, Red Naomi раушандары және түрлі қызғалдақтар) өндіріледі. 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 3,34 млн дана гүл өндірілді.

2025 жылға арналған инвестициялық жобалар
Қаланың индустриалды-инвестициялық әлеуетін кеңейту мақсатында 9,2 млрд теңге көлемінде 70 жаңа жұмыс орнын құруды көздейтін 2 жоба жоспарланған:

  • "SARECO" ЖШС – жылына 7,5 мың тонна электролиттік марганец өндіру.
  • "Глобус-С" ЖШС – өндірістік қалдықтарды кәдеге жарату және өңдеу қуаттылығын 50 мың тоннаға дейін ұлғайту.

2028 жылға дейінгі жоспарлар
Алдағы жылдары 170,9 млрд теңге көлеміндегі 6 жоба іске асырылып, 710 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл бастамалар Степногорскінің өнеркәсіптік және инвестициялық әлеуетін нығайтып, экономиканы әртараптандыруға және тұрақты өсімге негіз қалауға мүмкіндік береді.

Аманжолова Айгерім
Өңірлік зерттеулер және өмір сапасы орталығының жетекші сарапшысы

 



Қарау саны: 43
Сақталған: 30.01.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!