Салық-бюджет жүйесінің жұмыс істеуін жақсартуға арналған кешенді шаралар
31.01.2025
Қазақстан Үкіметі фискалдық тұрақтылықты нығайту және салық-бюджет жүйесінің жұмыс істеуін жақсарту мақсатында кешенді шаралар қабылдауда. Бұл реформалар салық жүктемесін әділ бөлуге бағытталған.
Қазіргі реформалар аясында ҚҚС мөлшерлемесін арттырумен қатар, салық базасын кеңейту және салық салудың ашықтығын арттыруға бағытталған бірқатар өзгерістер енгізіледі. Осы реформалардың негізгі қадамы – ҚҚС төлеушілерін тіркеу шегін 15 млн
теңгеге дейін төмендету. Бұл өзгеріс салық базасын кеңейтіп, адал салық
төлеушілерге жүктемені азайтуға және салық түсімдерінің тиімділігін арттыруға
көмектеседі.
Салықтық ауыртпалықтың артуына байланысты бизнесті қорғау мақсатында Үкімет бірқатар қолдау шараларын қарастырды. Оның ішінде еңбекақы қорына түсетін салық жүктемесін азайту шарасы бар. Бұл бизнестің қаржылық ауыртпалығын төмендетіп, іскерлік белсенділікті ынталандырады, соның нәтижесінде экономикалық өсімге және мемлекеттік бюджеттің нығаюына ықпал етеді. Айта кетерлігі, Үкімет қабылдап отырған шаралар Дүниежүзілік банктің ұсынымдарына сәйкес келеді. Банк Қазақстанның салық-бюджет жүйесін реформалауда кешенді тәсілдің маңыздылығын атап өтеді. Дүниежүзілік банк өз есебінде салық базасын кеңейту және ҚҚС стандартты
мөлшерлемесін көтеру Қазақстандағы салық түсімдерін арттырудың тиімді құралы
бола алатынын көрсетеді. https://www.vsemirnyjbank.org/ru/country/kazakhstan/publication/economic-update-january-2025
Дүниежүзілік банктің талдауына сәйкес, қазіргі ҚҚС тиімділік деңгейін ескере отырып, мөлшерлемені 3 пайыздық пунктке көтеру бюджет кірісін ЖІӨ-нің 1%-ына дейін арттыруы мүмкін, егер салық төлеушілердің мінез-құлқындағы өзгерістер шамалы болса. Осылайша, ұсынылып отырған шаралар неғұрлым тиімді және әділ салық
жүйесін құруға бағытталған, бұл өз кезегінде тұрақты экономикалық өсімге және
фискалдық тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді.
Қарау саны: 26 |
|
|