«Рейтинг көрсеткіштері не туралы айтады?» айдары
03.02.2025
Кеңейтілген Үкімет отырысында Мемлекет басшысы жаңа тарифтік саясатты іске асыруды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Президенттің айтуынша, тарифтер нарықтық жағдайларға сәйкес келуі тиіс, өйткені бұл электр энергиясын, жылу мен суды тұрақты қамтамасыз етудің негізгі факторы болып табылады.
Сонымен қатар, ТМД елдерінің көбінде электр энергиясына, газға және мұнай өнімдеріне тарифтер Қазақстанға қарағанда жоғары екені айтылды. Бұл теңсіздік экономикалық бұрмалануларға әкеліп, жанармайдың көрші елдерге заңсыз шығарылуына ықпал етеді. Сондықтан тарифтік саясатты теңгерімді ету – мемлекеттің өзекті міндеттерінің бірі. Бұл саясат азаматтардың мүдделері мен ел экономикасының тұрақтылығын ескеруі қажет. Елдегі тарифтердің төмен деңгейі халықаралық рейтингтер нәтижелерімен де расталады. Мысалы,
«Бензин бағасы» көрсеткіші IMD жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде
қарастырылады. Бұл көрсеткіштің дереккөзі – Халықаралық энергетика агенттігінің
(IEA) және статистикалық мәліметтер.
IMD әдістемесі: • Өлшем бірлігі: жоғары октанды этилисіз бензин (АИ-95), 1 литр үшін АҚШ долларымен есептеледі. • Орташа
жылдық көрсеткіш алынады, оған премиум бензинге салынатын салық та кіреді. Қазақстан IMD рейтингінде жыл сайын жоғары позицияларды иеленеді (топ-5 қатарына кіреді). Яғни, Қазақстандағы бензин әлемнің басқа елдерімен салыстырғанда өте арзан деп бағаланады. 2024
жылғы IMD рейтингінде Қазақстан 67 елдің ішінде 2-орынды иеленді. Бензиннің 1
литрінің орташа бағасы 0,46 АҚШ доллары болды. Тек Кувейт Қазақстаннан арзан
баға ұсынды – 0,34 АҚШ доллары.
Бензині
ең арзан 5 ел: 1. Кувейт – 0,34 АҚШ доллары 2. Қазақстан
– 0,46 АҚШ доллары 3. Малайзия
– 0,48 АҚШ доллары 4. Венесуэла
– 0,50 АҚШ доллары 5. Бахрейн
– 0,53 АҚШ доллары Ең қымбат бензин Исландияда – 1 литрі 2,32 АҚШ доллары, одан кейін Нидерланды (2,02 АҚШ доллары), Гонконг (1,95 АҚШ доллары), Финляндия (1,86 АҚШ доллары), Дания (1,84 АҚШ доллары) орналасқан. Төмен бензин бағасының әсері Бір жағынан, арзан бензин тұрғындар мен бизнес үшін белгілі бір артықшылықтар береді: • Көлік
шығындарын азайтады. • Тауарлар
мен қызметтердің өзіндік құнын төмендетеді. Алайда,
мұның экономика үшін кері әсерлері де бар: 1. Контрабанданың
артуы: Мемлекет
басшысының атап өткеніндей, көрші елдермен баға айырмашылығы отынның заңсыз
экспортын күшейтеді. Бұл ішкі нарықта бензин тапшылығына алып келеді. 2. Мұнай
өңдеу зауыттарының табыстылығы төмендейді: Пайданың
аз болуы инвестициялық мүмкіндіктерді шектейді, бұл өндірістің көлемі мен
саланы жаңғырту қарқынын төмендетеді. Электр энергиясы тарифтері: халықаралық салыстыру IMD
рейтингіне сәйкес, Қазақстандағы электр энергиясы да арзан.
2024
жылы «Өнеркәсіптік электр энергиясының бағасы» көрсеткіші бойынша Қазақстан
5-орынға ие болды. Электр энергиясының 1 кВт/сағ құны – 0,06 АҚШ доллары. Әлемдегі өнеркәсіптік электр тарифтері (IMD-2024): • Қазақстан
– 0,06 АҚШ доллары (5-орын) • Сингапур
– 0,22 АҚШ доллары (54-орын) • Литва
– 0,21 АҚШ доллары (52-орын) • Германия
– 0,17 АҚШ доллары (49-орын) • Жапония
– 0,16 АҚШ доллары (45-орын) Энергетикалық инфрақұрылым және төмен тарифтердің әсері Қазақстандағы
төмен тарифтерге қарамастан, энергетикалық инфрақұрылымның сапасы төмен. Кәсіпкерлер арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері: • Қазақстан:
5,93 балл (10-нан), 53-орын. • Сингапур:
9,01 балл (10-нан), 2-орын. Бұл
инфрақұрылымның дамуы тек тарифтерге байланысты емес екенін көрсетеді. Төмен тарифтердің негізгі кемшіліктері: 1. Инвестициялардың
жетіспеушілігі: Тарифтердің
төмен болуы энергетикалық секторға жаңа инвестициялар тартуды тежейді, бұл
желілердің жаңартылуын баяулатады. 2. Тиімсіз
энергия тұтыну: Арзан
электр энергиясы ресурстардың артық шығынына және экологиялық салдарға әкеледі. Тариф саясатының тепе-теңдігі қажет • Бензин тапшылығы • Технологиялық
артта қалу • Экономикалық
бұрмаланулар
Тариф
саясатын қайта қарастыру қажет. Энергетика
саласын жаңғыртуға жағдай жасау керек. Инвестицияларды
ынталандыру маңызды. Әлеуметтік осал топтарға коммуналдық қызметтер бойынша қолдау көрсету жалғасады. Тек
осылай экономикалық тепе-теңдік пен энергетикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге
болады.
Қарау саны: 36 |
|
|