Неліктен некеге тұрудың орташа жасы өсуде?

04.02.2025

2021 жылғы Ұлттық халық санағының нәтижелері бойынша 20 жастан асқан ер адамдардың ішінде ешқашан некеге тұрмағандар саны 1 309 844 адам, ал әйелдер арасында 1 233 484 адам болды.

Сонымен қатар, елде некеге кеш түсу үрдісі байқалады. Статистика көрсеткендей, алғашқы некеге тұрған күйеужігіттердің орташа жасы 2013 жылғы 27 жастан 2023 жылы 27,8 жасқа дейін, ал қалыңдықтардың орташа жасы 24,5 жастан 25,2 жасқа дейін өсті.

Некеге тұру жасының өсуі – жаһандық тенденция. БҰҰ деректеріне сәйкес, 2021 жылы Еуропа елдеріндегі ер адамдардың некеге тұруының орташа жасы Беларусьта 28,6 жастан Испанияда 36,3 жасқа дейін өзгерді. 2011-2021 жылдар аралығында бұл көрсеткіш Беларусьта 2 жасқа, Испанияда 3 жасқа артты.

Әйелдер арасында бұл көрсеткіш Молдова елінде 26 жастан Швецияда 36,3 жасқа дейін құбылып отыр. Молдовада қалыңдықтардың орташа жасы 3 жасқа, Швецияда 3,2 жасқа өсті.

Некеге тұру жасы неліктен өсуде?

          1.     Аймақтық айырмашылықтар

    • Солтүстік өңірлер мен ірі қалаларда (Астана, Алматы) некеге кеш түсу тенденциясы айқын байқалады.
    • Оңтүстік және батыс өңірлерде дәстүрлі мәдениеттің ықпалымен ерте некеге тұру үрдісі әлі де сақталуда

2.     Орта Азиядағы жағдай

    • Орта Азия елдерінде ерлердің некеге тұру жасы артып келеді, ал әйелдердің некеге тұру жасы салыстырмалы түрде баяу өсуде.
    • 2011-2021 жылдар аралығында:
      • Түрікменстанда – 25,0-ден 25,8 жасқа дейін,
      • Өзбекстанда – 25,8-ден 26,5 жасқа дейін,
      • Қырғызстанда – 26,8-ден 27,3 жасқа дейін көтерілді.

3.     Әлеуметтік факторлар мен демографиялық өзгерістер

    • Жастар білім алуға, мансап құруға, қаржылық тұрақтылыққа көбірек мән береді.
    • Еркіндік пен тәуелсіздік жоғары бағаланады, неке міндетті емес, саналы шешім ретінде қарастырылады.
    • Тұрғын үй мәселесі, экономикалық тұрақсыздық сияқты факторлар да некені кейінге шегеруге әсер етеді.
Қорытынды

Некеге тұру жасының ұлғаюы – глобализация, урбанизация, әлеуметтік-экономикалық факторлардың нәтижесі. Бұл үрдіс ұзақ мерзімді перспективада туудың төмендеуіне алып келуі мүмкін. Қазақстанда бұл өзгерістер әсіресе солтүстік аймақтар мен ірі қалаларда айқын байқалады.

 

Шынар Төлешова

өңірлік зерттеулер және өмір сапасы орталығының жетекші сарапшысы




Қарау саны: 35
Сақталған: 05.02.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!