Қаңтар 2025 жылғы инфляция бойынша қысқаша анықтама
05.02.2025
Елдегі тұтыну инфляциясы жеделдеп, жылдық мәнде 8,9%-ға жетті. Негізгі өсімді ақылы қызметтер көрсетті, олардың бағасы бір жыл ішінде 13,8%-ға артты.
2025 жылғы қаңтарда инфляция деңгейі:
Жылдық мәнде
бағаның өсуі:
Инфляция
динамикасындағы негізгі үлесті ақылы қызметтер алып отыр – 44,9% (яғни,
8,9%-дың 4,0%-ы ақылы қызметтерге тиесілі), бұл соңғы жылдардағы ең жоғары
көрсеткіштердің бірі. 2024 жылдың қаңтарында ақылы қызметтердің инфляциядағы
үлесі 36,5% болған. Әдетте
инфляцияның негізгі қозғаушысы болып табылатын азық-түлік тауарларының үлесі
26,9%-ды құрады. 2024 жылдың қаңтарымен салыстырғанда, азық-түлік тауарларының
инфляцияға қосқан үлесі 9,3 пайыздық пунктке азайып, 36,3%-дан 26,9%-ға түсті.
Өткен аймен салыстырғанда да азық-түліктің үлесі 0,3 пайыздық пунктке азайды. Азық-түлікке
жатпайтын тауарлардың үлесі 2024 жылғы қаңтардағы 27,0%-дан 28,1%-ға ұлғайды.
Жылдық мәнде
баға төмендеуі байқалды:
Азық-түлікке
жатпайтын тауарлар ішінде ең жоғары баға өсімі келесі тауарларға тиесілі:
Ақылы
қызметтер секторында бағаның ең жоғары өсімі келесі қызметтер бойынша тіркелді:
Көлік
қызметтерінің қымбаттауы:
Тұрғын үй
жалдау ақысы 12,3%-ға өсті. Коммуналдық
қызметтер тарифтері келесідей көтерілді:
Осылайша,
тұрғын үй-коммуналдық қызметтер (ТКҚ) орташа есеппен 15,2%-ға қымбаттады. Қаңтар
айында тұтыну инфляциясы 8,9%-ға дейін жылдамдады, бұл желтоқсандағы 8,6%-дан
жоғары. Ақылы қызметтер секторы инфляцияның негізгі қозғаушысы болып қала
береді, жалпы баға деңгейіне айтарлықтай әсер етуде.
Қарау саны: 188 |
|
|