Қазақстанда адам құқықтарын сақтау бойынша жұмыс тобының отырысы

06.02.2025

4 ақпан 2025 жылы кәсіпкерлік қызмет саласындағы адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі Жұмыс тобының отырысы өтті. 

Іс-шара БҰҰ-ның Басшылық қағидаттарын ескере отырып, ұйымдастырылды және "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ алаңында өтті. Отырысқа мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері, азаматтық қоғам және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Ұлттық базалық бағалау нәтижелері таныстырылып, тиісінше тиісті тексеру механизмдерін енгізу және зардап шеккендердің құқықтық қорғауға қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызмет саласындағы адам құқықтарын сақтау бойынша құқықтық қорғау тетіктерінің бірі ретінде Ұлттық байланыс орталығының қызметі таныстырылды.

Негізгі баяндамашылар қатарында БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Қазақстандағы кеңесшілері Дина Масанова және Татьяна Зинович, сондай-ақ Әлемдік экономика зерттеу орталығы директорының орынбасары, "ЭЗИ" АҚ СНКЦ жетекшісі Индира Бейсекеева болды.

Отырыс барысында талқыланған негізгі мәселелер:

  • Тиісті тексеру механизмдерінің бизнес саласындағы адам құқықтарын сақтауға әсері;
  • Компаниялардың халықаралық стандарттар туралы хабардарлығы және оларды енгізу бойынша қажетті шаралар;
  • Тиісті тексеру рәсімдерінің орындалуын бақылаудың оңтайлы тетіктері;
  • Кәсіпкерлердің, әсіресе шағын және орта бизнестің, тиісті тексеру процестерін енгізуге мотивациясы;
  • Бизнес тарапынан құқық бұзушылықтардан зардап шеккендерге әділ сот төрелігіне қол жеткізу тетіктерін дамыту;
  • Соттан тыс қорғау шаралары, соның ішінде медиация, арбитраж және омбудсмен институттары;
  • Корпоративтік адам құқықтарын бұзушылықтарды тиімді реттеу үшін заңнаманы жетілдіру жолдары.

Отырыс қатысушылары тиісті тексеру қағидаттарын Қазақстандағы бизнес тәжірибесінің міндетті элементіне айналдыру қажет деген ортақ пікірге келді. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен бизнестің адам құқықтарын сақтау саласындағы құзыреттілігін арттыруға бағытталған білім беру бағдарламалары мен практикалық ұсыныстар әзірлеу қажеттілігі талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар, бизнес қауымдастықтары және халықаралық серіктестермен одан әрі талқылауға ұсыныстар әзірленді. Жұмыс тобы өз қызметін мүдделі тараптармен кеңесулер мен пікірталастар форматында жалғастырады. Алдағы уақытта ұлттық заңнаманы және адам құқықтарын қорғау механизмдерін жетілдірудің негізіне айналатын нақты ұсыныстарды дайындау жоспарлануда.



Қарау саны: 11
Сақталған: 06.02.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!