Әлемдік даму туралы «Орташа табыс тұзағы» баяндамасы

07.02.2025

Бүгін, 2025 жылғы 6 ақпанда, Экономикалық зерттеулер институтында Дүниежүзілік банк «Орташа табыс тұзағы» тақырыбында баяндаманың таныстырылымын өткізді.

 Іс-шараға АҚШ, Ұлыбритания, Вьетнам, БАӘ, Португалия, Болгария, Марокко елшіліктерінің өкілдері, сондай-ақ халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

Кіріспе сөзді Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Татьяна Савельева мен Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы елдік менеджері Андрей Михнев сөйледі. Іс-шара модераторы ретінде Еуропа және Орталық Азия бойынша тәжірибе жетекшісі Антонио Нуцифера сөз алды. Панельдік пікірталас барысында Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Сырымбет Каскеев спикер ретінде баяндама жасады.

Талқылау барысында елдердің жоғары табыс деңгейіне көшуі үшін қабылдануы тиіс стратегиялар мен қадамдар талқыланды. Даму кезеңіне байланысты әрбір ел біртіндеп күрделі саяси шараларды жүзеге асыруы қажет.

Дүниежүзілік банк сарапшылары Ивайло Изворски мен Дэвид С.Найт орташа табыс деңгейінен жоғары табыс деңгейіне көшу стратегиясы ретінде «шығармашылық күйреу» тәсілін ұсынды. Бұл тәсіл өсімнің үш негізгі драйверіне негізделген: талант пен мобильділік, кәсіпкерлік пен өнімділік, сондай-ақ энергия. Осы тұрғыда «3i стратегиясына» ерекше назар аударылды, онда экономиканың дамуы үшін Инвестициялар, Инфузия және Инновациялар шешуші рөл атқарады.

Спикерлер шетелдік мамандарды тарту мен сапалы білімді дамыту арқылы отандық кадрларды даярлаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, еркін нарық пен бәсекелестік ортаның өнімділіктің артуына, технологияларды енгізуге және инвестицияларды тартуға ықпал ететінін айтты. Энергоэффективтілік пен экономикалық өсім арасындағы оң корреляция ерекше атап өтіліп, тұрақты даму үшін жаңартылатын энергия көздеріне көшудің қажеттілігі көрсетілді.

Татьяна Савельева мен Сырымбет Каскеев Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайы және ұсынылған стратегияларды ұлттық шындыққа бейімдеу мүмкіндіктері туралы мазмұнды пікірталас жүргізді. Олар елдің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз етуде институттардың негізгі рөлін ерекше атап өтті.

Презентацияның қорытынды бөлігінде сұрақ-жауап сессиясы өтті. Қатысушылар протекционистік саясаттың, ұлттық ақша-несие саясатының ұзақ мерзімді әсерін, экономиканы әртараптандыру қажеттілігі және тұрақты даму жолындағы басқа да маңызды аспектілерді талқылады.



Қарау саны: 53
Сақталған: 06.02.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!