Астанада Орнықты даму мақсаттары мен гендерлік теңдік мәселелері талқыланды

10.02.2025

2025 жылғы 6 ақпанда Астанада Орталық Азия елдерінің парламенттері, мемлекеттік мекемелері, азаматтық қоғам өкілдері мен гендерлік теңдік саласындағы сарапшылардың жоғары деңгейдегі кездесуі өтті.

Қазақстандағы БҰҰ Әйелдер құрылымы ұйымдастырған шара «2030 жылғы Орнықты даму мақсатын іске асыруға бес жыл: Орталық Азия болашағы» ұранымен өтті. Жиын тақырыбы Бейжің декларациясы мен Іс-қимыл платформасының 30 жылдығы, сондай-ақ Орнықты дамудың бесінші мақсатын жүзеге асыруға арналды.

Кездесудің мақсаты – 2030 жылға дейінгі Орнықты даму күн тәртібі мен мақсаттарына жетуді жеделдету үшін Орталық Азия елдерінің жоғарғы деңгейдегі өкілдері мен басқа да негізгі қатысушылардың өзара әрекеттесуі үшін платформа құру.

Шараға қатысушылар Орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыру, Бейжің декларациясын орындау, Орталық Азиядағы гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бағдарламаларын қаржыландыру мәселелерін талқылады.

Экономикалық зерттеулер институтының басқарма төрайымы Әсел Сәрсенбаева «Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуді жеделдету және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету: Орталық Азиядағы тенденциялар мен жетістіктер» сессиясында сөз сөйледі. 

Ол Қазақстанның Орнықты даму мақсаттарын ұлттандыру тәжірибесі туралы бөлісіп, елде жүзеге асырудағы институционалдық негіздеріне тоқталды. Қатысушылар Қазақстанның осы саладағы жетістігі мәселесі қызықтырды. Әсел Сәрсенбаеваның айтуынша, Күн тәртібін жүзеге асыру қолға алынғаннан бастап Қазақстан әр үш жыл сайын БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі саяси форумында ұлттық ерікті шолу назарға ұсынады.

Сондай-ақ Әсел Сәрсенбаева Қазақстанда «Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасы аясында барлық стратегиялық және бағдарламалық құжат, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілер қабылданғанға дейін ашық порталда қоғамдық талқылаудан өтетінін атап өтті. Бұл ОДМ-нің «Ешкім қалыс қалмасын» негізгі қағидасына сәйкес келеді. Сонымен қатар кейінгі жылдары ОДМ-ды локлизациялауға ерекше көңіл бөлініп келетінін атап өтті. Қазақстан – жергілікті қаржыландыруды бағалау және бюджеттік бағдарламаларды таңбалауды қолға алған санаулы елдердің бірі.

Жалпы жоғары деңгейдегі кездесу пікір алмасу үшін маңызды алаңға айналды. Сессиялар барысындағы талқылаулар орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін өңірлік ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың маңызды екеніне тағы бір дәлел болды.



Қарау саны: 44
Сақталған: 22.02.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!