Жемқорлар реестрі – ЭЫДҰ стандарты
12.02.2025
Қазақстанда мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде, жеке бизнесте, коммерциялық емес және қоғамдық қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күрес жүргізілуде. Transparency International компаниясының 2023 жылғы есебіне сәйкес, Қазақстан сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде 180 елдің ішінде 93-орынға ие болды.
Дания (1/180), Швеция (6/180) және Жаңа Зеландия (3/180) сияқты ЭЫДҰ елдерінің көрсеткіштерін салыстыра келе, біздің еліміздегі сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейі халықтың мемлекеттік институттарға деген жоғары сенімінің жеткіліксіздігін көрсетеді деген қорытынды жасауға болады. "Экономикалық
зерттеулер институты" АҚ 2022 жылы жүргізген зерттеуге сәйкес, Қазақстанның ірі қалаларында мемлекеттік органдарға деген
сенім деңгейі 38,3% құрады, ал қалған елді
мекендерде бұл көрсеткіш одан да төмен болып
тіркелді, бұл ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіштен (41%) төмен. Сонымен бірге Дания азаматтарының
парламентке деген сенім деңгейі 51%-ға, Швецияда 43%-ға, ал Жаңа Зеландияда 46%-ға
дейін жетеді. Рейтингтегі бұл оң нәтижелер ЭЫДҰ стандарттарын іске асыруға
байланысты екенін, олардың арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары
үшін сотталған адамдардың жария тізілімдерін құру тетігі ерекшеленетінін
атап өткен жөн. Бұл тетік халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін
нығайтуға айтарлықтай ықпал етеді, тиісінше, сыбайлас жемқорлық деңгейін
төмендетуге әсер етеді.
ЭЫДҰ елдерінің көпшілігінде сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін үкімдерді
қоса алғанда, сот шешімдері ашық дерекқорларда жарияланады. Мысалы, АҚШ-та
электрондық сот жазбаларына қол жеткізуді қамтамасыз ететін PACER (Public
Access to Court Electronic Records) жүйесі жұмыс істейді. Сонымен қатар, кейбір
мемлекеттер сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдар үшін жеке тізілімдер
жасайды, мысалы, Румынияда сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандардың Ұлттық
тізілімі бар. Ұлыбритания сияқты бірқатар елдерде сыбайлас жемқорлық жанжалдарына
қатысы бар компаниялардың тізілімі жүргізілуде, бұл олардың мемлекеттік сатып
алуға қатысуын бақылауға мүмкіндік береді. Қазақстанның ЭЫДҰ-мен, атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
бағыты бойынша ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстан сыбайлас жемқорлық
көріністерінің алдын алу үшін жақын арада осы тізілімді құруды мақсат етіп отыр.
Бұл тізілімде жеке басы, оның соңғы жұмыс орны, жасалған қылмыстардың құрамы
(ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарды қоса алғанда) және күшіне
енген үкімдердің деректемелері туралы ақпарат болады. Осылайша, осы тетікті Қазақстанда енгізу ЭЫДҰ стандарттарына сүйене отырып,
елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларын едәуір нығайтады және сыбайлас
жемқорлық деңгейін едәуір төмендетуге, сондай-ақ жұртшылықтың мемлекеттік
органдарға деген сенімін арттыруға ықпал ететін болады.
Қарау саны: 26 |
|
|