«Өңірлер: апта оқиғалары» (2025 жылғы 3-9 ақпан)
12.02.2025
Ақтөбе облысы. 2025 жылы өңірде жалпы құны 491 млрд теңгені құрайтын 10 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Олардың қатарында тау-кен және қайта өңдеу өнеркәсібіндегі, энергетика және ауыл шаруашылығындағы жобалар да бар. 1,2 мыңға жуық жұмыс орны құрылады. Инвестицияларды тартумен қатар, оларды тиімді пайдалану үшін жағдай жасау міндеті де тұр. 2024 жылы облыс экономикасына 901,1
млрд теңге инвестиция тартылды, бұл – мемлекеттік органдардың,
бизнес-құрылымдар мен инвесторлардың кешенді жұмысының нәтижесі. Тартылған қаражаттың негізгі бөлігі өнеркәсіпке, көлікке және сақтауға,
сондай-ақ жылжымайтын мүлікке тиесілі болды. 2025-2027 жылдарға арналған
Инвестицияларды тарту бойынша кешенді жоспар әзірленді, өңірдің
ресурстарын тиімді пайдалана отырып, өзінің басым салаларына баса назар аудара
отырып, әрбір аудан бойынша инвестициялық бағдарламалар әзірлеу жоспарлануда. Алматы облысы. Өңірде 2025 жылы 60 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда. Өткен аптада 995 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 420 адам жұмысқа орналастырылды. Білім беру саласында ең көп бос жұмыс орындары пайда болды - 112 адам мектептер мен балабақшаларға жұмысқа қабылданды. Медициналық мекемелерде 45 маман жұмысқа орналасты. Көлік және қойма саласында 65 адам, өнеркәсіп саласында 24 адам, балық шаруашылығы саласында 15 адам, құрылыс саласында 10 адам жұмысқа орналастырылды.
Ұлытау облысы.
Өңір экономикалық дамудың оң серпінін көрсетіп
отыр. 2024 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім 10,5%-ға
ұлғайды, бұл жүргізіліп жатқан экономикалық саясаттың жоғары тиімділігін
айғақтайды. Өсудің негізгі драйверлері құрылыс секторы, өнеркәсіп және сауда
болды. 2024 жылы өңір
экономикасына 226,5 млрд. теңге салынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға
артық. Бұл ретте, жеке инвестициялардың үлесі рекордтық 89%-ға дейін жетті, бұл
облыстың жоғары инвестициялық тартымдылығын білдіреді. Инвестициялардың
белсенді ағынының арқасында 9 жаңа жоба іске қосылды, бұл 200-ден астам жұмыс
орнын құруға мүмкіндік берді. Ақмола облысы. 20
жылдан астам уақыт бойы жөнделмеген республикалық жол учаскелері ағымдағы жылы
жақсартылмақ. Облыс аумағы бойынша халықаралық көлік дәліздері, сондай-ақ бірінші
техникалық санаттағы автожолдар өтеді: «Алматы-Екатеринбург»,
«Астана-Петропавл», «Астана-Павлодар» және «Астана- Қарағанды». Өткен жылы жергілікті және республикалық маңызы бар жолдарды салуға және жөндеуге шамамен 106 млрд. теңге бөлінді, бұл шамамен 800 км жол салуға және жөндеуге мүмкіндік берді. Күрделі және орташа жөндеу бойынша ірі жобаларды іске асыру жалғастырылды. Елді мекендердің көше-жол желісін
салуға және жөндеуге көңіл бөлінді, с.і. елордаға іргелес елді мекендер - Қосшы,
Талапкер, Қараөткел, Қоянды, Жібек Жолы, Қызылжар, Қызылсуат. 2025 жылғы бюджетте ұзындығы 822 км 122 жобаны
іске асыруға 108,7 млрд. теңге қарастырылған. Оның ішінде жергілікті
автожолдарға 62,3 млрд. теңге, республикалық жолдарға 46,4 млрд. теңге
көзделген. Жоспарланған
жобалар республикалық, жергілікті маңызы бар жолдардың және 47 елді мекеннің
көше-жол желісінің жағдайын жақсартуға көмектеседі. Қарағанды облысы. Алдағы 4 жылда Қ.Сәтбаев атындағы каналда 19 сорғы агрегаты мен электр жабдығын ауыстыру жоспарлануда. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі әлемде теңдесі жоқ гидротехникалық құрылысты кешенді қайта құрудың Жол картасын әзірледі. Каналдан суды
Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астана қаласының тұрғындары, өндірістік
кәсіпорындары мен шаруа қожалықтары пайдаланады. Объектінің жалпы ұзындығы – 458
км. Халық саны мен өнеркәсіптік кәсіпорындар санының
өсуіне байланысты каналдың су ресурстарына сұраныс артып келеді. Арнаны кешенді
жаңғырту жұмыстары 2024 жылы басталды. Жол картасына сәйкес, 2028 жылға дейін
нысандағы 19 сорғы агрегаты мен электр жабдығы жаңартылады. Нәтижесінде сумен
жабдықтау сапасы артады және арнаны ұзақ мерзімді және қауіпсіз пайдалану
қамтамасыз етіледі. Астана. Салынған
мектептердің саны бойынша елорда алдыңғы қатарда тұр. Өткен жылы Астанада
ауысымына 33 мың оқушыға арналған 24 мектеп ашылды. "Жайлы мектеп"
ұлттық жобасы аясында салынған мекемелер жаңа оқу жылында 22,4 мың оқушыны
қабылдады. Олардың жетеуі Есіл ауданында, төртеуі Нұра ауданында, үшеуі Алматы
ауданында, екеуі Сарыарқа ауданында орналасқан. Бюджеттік инвестициялық жоба
бойынша 1550 орынға арналған 3 мектеп, 3240 орынға арналған 5 жекеменшік мектеп
пайдалануға берілді. Бұл елорданың
үш ауысымды мектептерінің, оқушылар саны артық мекемелердің, сондай-ақ апатты
оқу орындарының мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Елордалық
оқушыларды сапалы оқыту үшін мектептер салу бойынша жұмыс жалғасатын болады: 2025
жылы 15 мектеп ашылады, онда ауысымда 23 мың оқушы білім ала алады. Оның
төртеуі бюджеттік инвестициялық жоба бойынша салынып, 2 700 оқушы қабылданады. Аталған
4 мектептің екеуі Нұра ауданында, қалғандары Алматы ауданында орналасады. Су қоймалары 9 300 га жерге су беруді жақсартады, ал арналарды жөндеу облыстың 24,7 мың га егіс алқаптарын сумен жабдықтауды жақсартады. Сонымен қатар, биыл өңірде ұзындығы 67 км жеті каналдың учаскелерін жөндеу жоспарлануда. Өткен жылы 69 км каналға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл 13 мың гектар егіс алқабына суармалы су беруді жақсартады.
|
|
|