Моноқалалар: Құлсары
12.02.2025
![]() 1937 жылы қарапайым жұмысшы кенті ретінде құрылған, 2001 жылы қала мәртебесіне ие болып, Қазақстанның мұнай өндіру орталығына айналды. Атырау қаласының облыс орталығына
дейінгі қашықтық 230 км құрайды. Қала
Ембі өзенінен 11 км қашықтықта орналасқан. Қала аумағы арқылы Құрсай өзені, қала бойымен Жем өзені ағып өтеді,
Қамыскөл көлі де бар.
Соңғы бес жылда қала халқының саны
5,3%-ға өсіп, 2019 жылғы
61 541-ден 2024 жылғы
64 820-ға дейін өсті. Алайда, оң табиғи өсіммен қатар теріс көші-қон динамикасы байқалады: халықтың
жыл сайынғы кетуі 2019 жылғы 457 адамнан 2024 жылғы 2 233 адамға дейін өсті. Табиғи
өсу қарқыны да баяулады. Егер 2019 жылы өсім 1500 адамды құраса, 2024 жылға
қарай бұл көрсеткіш 38,3%-ға, 926 адамға дейін қысқарды. Осыған қарамастан, туу
коэффициенті халықтың жалпы өсуін қолдай отырып, көші-қонның төмендеуін жабады.
2024 жылы орташа айлық жалақы жоғары деңгейде қалып отыр
және 781 163 теңгені (2024 жылғы 3 тоқсан) құрайды, бұл облыс бойынша
ұқсас кезеңдегі орташа көрсеткіштен (612 970 теңге) асып түседі.
"Теңізшевройл" ЖШС қала құраушы кәсіпорны 1,4
млрд тонна мұнай (11,5 млрд баррель) қорымен әлемдегі ең ірі кен орындарының
бірін игеруде. 2024 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 9 087,9 млрд. теңгені
құрады. Негізгі капиталға 1 046,3 млрд. теңге инвестиция тартылды.
Ең
маңыздыларының қатарында - металл илемдеу комбинатын салу ("Металл
Продукт" ЖШС) және мұнай шламын қайта өңдеу өндірісін жаңғырту
("Эко Техникс" ЖШС). Алайда, Құлсары
әлі де бірқатар күрделі сынақтарға тап болады. Мұнай өндірумен, орман қорғау
екпелерінің болмауымен және су объектілерінің қанағаттанарлықсыз жай-күйімен
байланысты экологиялық мәселелермен қатар, қалалық инфрақұрылымды дамытумен,
сапалы тұрғын үймен қамтамасыз етумен, коммуналдық желілерді жаңғыртумен және
көлік жүйесін жақсартумен байланысты жағдай да әлі де өткір тұр. Аманжолова
Әйгерім ӨЗжӨСО
жетекші сарапшысы
Қарау саны: 50 |
|
|