Экономикалық зерттеулер институтында Ерікті ұлттық шолу 2025 жобасы талқыланды

12.02.2025

Экономикалық зерттеулер институтында мемлекеттік органдар, сараптамалық қоғамдастық, бизнес және азаматтық сектор өкілдерінің қатысуымен Ерікті ұлттық шолу 2025 (ЕҰШ-2025) жобасын талқылау бойынша семинар өтті.

Іс-шараның ашылуында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина ел орнықты дамуға дәйекті түрде көшіп келе жатқанын, ал Ерікті ұлттық шолуды жүйелі түрде дайындау Қазақстанның Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге деген ұмтылысын айқын айғақтайтынын атап өтті.

Ол сондай-ақ үшінші Ерікті ұлттық шолуды дайындау бойынша елеулі жұмыс күтіп тұрғанын және бұл жиналыс жобаны жан-жақты талқылау, қол жеткізілген нәтижелерді талдау, бар сын-қатерлерді анықтау және оларды еңсеру жолдарын анықтау үшін маңызды мүмкіндік болып табылатынын атап өтті.

Іс-шарада ҚР ҰЭМ Әлеуметтік саланы, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің Директоры Нұргүл Жанназарова, Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісінің міндетін атқарушы Стивен О'Малли, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа және "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Басқарма Төрағасы Әсел Сәрсенбаева сөз сөйледі.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Әлеуметтік саланы, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің Директоры Нұргүл Жанназарова Қазақстан ОДМ-ын стратегиялық жоспарлауға дәйекті түрде кіріктіріп жатқанын атап өтті.

«2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары орнықты дамуға көшуді жеделдетуге бағытталған, ал ОДМ ұлттық индикаторларының жаңартылған тізбесі ілгерілісті дәлірек бақылауға мүмкіндік береді. Біз оларды ұлттық және өңірлік басымдықтарға бейімдей отырып, ОДМ-ын тиімді іске асыруға ұмтыламыз», – деп атап өтті Нұргүл Жанназарова.

Ол үшінші шолу барлық мүдделі тараптардың, соның ішінде мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғамның, бизнестің және халықаралық ұйымдардың пікірлерін ескере отырып дайындалатынын атап өтті.

«Қазақстан орнықты болашаққа бет бұруда және бұл процесс бірлескен күш-жігерді талап етеді. Біз тек диалог пен серіктестік арқылы нақты өзгерістерге қол жеткізуге болатынына сенімдіміз», – деп қорытындылады Нұргүл Жанназарова.

"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Басқарма Төрағасы Әсел Сәрсенбаева БҰҰ елдік командасына, Қазақстан Парламентіне және Ұлттық экономика министрлігіне донорлық және тұжырымдамалық қолдау көрсеткені үшін, сондай-ақ жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде әдіснамалық сүйемелдеу үшін БҰҰ Даму бағдарламасына алғыс білдірді.

Ол Институт ОДМ Үйлестіру кеңесінің хатшылығы ретінде бірінші және екінші ЕҰШ дайындап, жан-жақты талдау жүргізгенін атап өтті.

«Ағымдағы шолуда БҰҰ Қазақстанға бес негізгі ОДМ бойынша анағұрлым егжей-тегжейлі талдау жүргізуді ұсынғанын атап өту маңызды. Сонымен қатар біз халықтың пікірін ескере отырып, еліміз үшін басым ОДМ айқындауды жоспарлап отырмыз. Ол үшін шолуды дайындау шеңберінде кең консультациялар процесі жоспарланған. Сонымен қатар, біз "Ешкімді артта қалдырмау" қағидасын ұстанамыз, бұл халықтың барлық топтарының, соның ішінде жастардың пікірін ескеруді білдіреді. Осыған байланысты Институт ЮНИСЕФ-пен бірлесіп U-Report платформасында жастар арасында сауалнама жүргізді, бұл олардың елдің негізгі сын-қатерлері мен орнықты даму перспективаларына көзқарастарын жинауға мүмкіндік береді», – деп қосты Әсел Сәрсенбаева.

"Қазақстанның Азаматтық Альянсы" ЗТБ Президенті Бану Нұрғазиева өз сөзінде азаматтық қоғамның орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге қатысуының маңыздылығына назар аударды. Ол азаматтық қоғам халықты тартуды, бастамаларды бақылауды және қоғамдық мүдделерді ілгерілетуді қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратынын атап өтті.

"Kazakh Invest" Ұлттық компаниясы" АҚ Стратегия және цифрлық даму департаментінің Директоры Тимур Ізбасаров орнықты даму қағидаттарын бизнес-процестер мен корпоративтік стратегияларға интеграциялаудың маңызын атап өтті. Ол компания ОДМ сәйкес жобаларға инвестициялар тарту бойынша белсенді жұмыс істеп жатқанын және әлеуметтік және экологиялық аспектілерді ескере отырып, орнықты экономикалық даму үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал ететінін атап өтті.

Іс-шараның келесі бөлігінде "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылығының директоры Бақытгүл Хамбар ЕҰШ-2025 жобасының презентациясын ұсынды.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Халықаралық ынтымақтастық және орнықты даму департаментінің Директоры Айнұр Досанова қатысушыларды Нью-Йорктегі жоғары деңгейдегі Саяси форумда ұсынылатын ұлттық индикаторлардың ілгерілеуін таныстыру бойынша алдағы жұмыстармен таныстырды.

Интерактивтік талқылау барысында "Ешкімді артта қалдырмау" қағидатына ерекше назар аударылды, бұл ретте, қатысушылар Қазақстан үшін орнықты дамудың басым мақсаттарын талқылады. Нәтижесінде құжатты одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.

Қорытындылай келе, Нұргүл Жанназарова азаматтық қоғамның белсенді қатысу қажеттілігіне баса назар аударды.

«ОДМ-ын тиімді енгізу мемлекет, бизнес және қоғамның бірлескен жұмысы кезінде ғана мүмкін болады. Диалог және үйлестіру - табысты шешімдердің кілті», – деп атап өтті ол.

Әсел Сәрсенбаева үшінші шолуды дайындау үшін ұсынылған бастамалардың құндылығын атап өтті.

«Қазақстанның орнықты дамудағы жетістіктері мен сын-қатерлерін объективті түрде көрсетуі тиіс ЕҰШ-2025 шолуы Сіздің ұсыныстарыңызға негізделетін болады. Барлық мүдделі тараптардың өзара әрекеттесуін жалғастыру маңызды», – деп атап өтті ол.

Қатысушылар ЕҰШ-2025 сапалы дайындау үшін одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін растады.



Қарау саны: 38
Сақталған: 21.02.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!