Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі 2024
13.02.2025
2025 жылғы 11 ақпанда Transparency International халықаралық үкіметтік емес ұйымы 2024 жылғы Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінің (Corruption Perceptions Index, CPI) қорытынды деректерін жариялады. Бұл индекс іскер топтардың сараптамалық бағалаулары мен сауалнамаларына негізделген сыбайлас жемқорлық деңгейінің негізгі жаһандық өлшемі болып табылады.
2024 жылғы Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінің (бұдан әрі – СҚИ) нәтижелеріне сәйкес, Қазақстан 180 елдің ішінде 88-орында жайғасты, өткен жылмен салыстырғанда, өз позициясын 5 тармаққа жақсартты (2023 жылы 93-орын). Ағымдағы индексте ел 40 балл жинады (2023 жылы – 39 балл) және Солтүстік Македониямен, Суринаммен және Вьетнаммен бір позицияны алды. Қазақстан бірқатар басқа мемлекеттермен салыстырғанда
анағұрлым жоғары нәтиже көрсетті, атап айтқанда, Аргентинадан (99-орын, 37
балл), Түркиядан (107-орын, 34 балл), Өзбекстаннан (121-орын, 32 балл), Әзірбайжан (154-орын, 22 балл) және тағы басқалардан озды.
СҚИ жыл сайын 13 беделді дереккөздің деректеріне сүйене
отырып, сыбайлас жемқорлықты қабылдаудағы үрдістер мен өзгерістерді талдайды. Бұл
ретте, Қазақстанды бағалау үшін 9 көзден алынған көрсеткіштер ескеріледі. Барлық
СҚИ көздерінде 0-ден 100-ге дейінгі шкала қолданылады, мұнда 0 сыбайлас
жемқорлықтың ең жоғары деңгейін, ал 100 ашықтықтың ең жоғары деңгейін көрсетеді.
5 қалған дереккөз бойынша Қазақстанның
көрсеткіштері төмендегенін көрсетті. Ең елеулі нашарлау келесі көздер бойынша
байқалды: IMD Халықаралық бәсекеге қабілеттілік рейтингі (62 балдан 55 балға
дейін), Freedom House Nations in Transit Рейтингі (24 балдан 18 балға дейін) және
EOS Дүниежүзілік экономикалық форумы (30 балдан 25 балға дейін). Көздер
бөлінісінде сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі Қазақстанның нәтижелері
7 жыл
қатарынан 90 балл жинаған Дания көшбасшы болып қалып отыр. Сыбайлас
жемқорлықты қабылдау деңгейі ең төмен елдерге Финляндия (88 балл), Сингапур (84 балл), Жаңа Зеландия (83 балл) және Люксембург (81 балл) кірді. Жаңа Зеландия 2012 жылдан бері алғаш рет бірінші
үштіктен 4-орынға түсті. Сондай-ақ, Transparency International сыбайлас жемқорлық
деңгейі мен климаттық саясаттың тиімділігі арасындағы тығыз байланысты атап
өтеді. Сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен елдер, әдетте, қоршаған ортаны қорғауда
және парниктік газдар шығарындыларын азайтуда жақсы нәтижелерге қол жеткізеді.
Қарау саны: 132 |
|
|