Моноқалалар: Абай

20.02.2025

Абай – Қарағанды облысы Абай ауданының моноқаласы, орталығы. 1949 жылы Қарағанды көмір бассейнінің батыс учаскелерін игеруге байланысты жұмысшы кенті ретінде пайда болды.

Облыс орталығынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км жерде орналасқан. Ең жақын республикалық маңызы бар қалаға дейін 252 км.

Қала арқылы "Қарағанды-Жезқазған-Қызылорда" автомобиль жолы өтеді, Шахтинск және Саран қалаларымен көлік қатынасы бар.

Моноқала халқының саны 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша - 28 405 адам. Жас құрамын талдау экономикалық белсенді халықтың (15-63 жас) 63%-дан асатын жоғары үлесін көрсетеді, бұл едәуір еңбек ресурстарының болуын көрсетеді. Бұл ретте, жұмыссыздар үлесі 2022 жылғы 2%-дан 2024 жылы 0,9%-ға дейін төмендеді.

Қаланың экономикалық мамандануы индустриалды сипатқа ие. Негізгі кәсіпорындар: "Абай" шахтасы және "Восточная" ОКФ ("Qarmet" АҚ).

"Восточная" орталық кен-байыту фабрикасы жоғары күл және байыту қиын көмір маркаларын өңдеуге маманданған Қазақстанның ірі көмір өңдеу кәсіпорындарының бірі болып табылады.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі аудан бойынша ескеріледі және 2024 жылы ол 68 839 млн. теңгені құрады. Қаланың өнеркәсіптік өндірісінің үлесі жалпы облыстық көлемнен 3,1%-дан (2021 ж.) 1,9%-ға (2024 ж.) дейін төмендеді.

Төмендеу факторлары нарықтық конъюнктурадағы өзгерістер, атап айтқанда, "Восточная" ОКФ өндіретін көмір концентратының экспортын тоқтату және оны ішкі нарыққа жеткізуді толық қайта бағдарлау болып табылады. Заттай түрде көмір өндіру көлемі 2021 жылы 465 мың тоннадан 2023 жылы 502 тоннаға дейін ұлғайды ("Абай" шахтасы). Көмір концентратын өндіру көлемі 2 000 мың тоннадан 1 730 мың тоннаға дейін немесе 13,5%-ға ("Восточная" ОКФ) төмендеді.

2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 49 972,8 млн. теңгені құрады.

2022 жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1 575 бірлікті, 2024 жылы 1 687 бірлікті құрады.

Сондай-ақ, қалада "Абай тігін фабрикасы" жұмыс істейді.

18 білім беру мекемесі, 1 медициналық ұйым, 7 мәдени нысан және 3 спорт кешені жұмыс істейді. Халықтың әлеуметтік осал топтарына 165 адам кіреді, олардың табыс деңгейі кедейлік шегінен аспайды. Мектепке дейінгі білім беру саласында тиісті жастағы балаларды қамту 1 230 адамды құрайды.

Тұрғын үйге қолжетімділікті кеңейту, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және тұрғын үй-жайларды алу кезегін қысқарту мақсатында 2024 жылдың 11 айында 3 632 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бюджеттік қаржыландыру шеңберінде Абай қаласында 80 пәтерлік ірі панельді үлгідегі бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталуда, бұл халықтың қолжетімді тұрғын үйге деген қажеттілігін ішінара қанағаттандыруға мүмкіндік береді.


жетекші сарапшы

Аманжолова Әйгерім



Қарау саны: 35
Сақталған: 21.02.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!