ЭЫДҰ стандарты: Салық ақпаратын автоматты түрде алмасу бойынша бірыңғай стандарт
26.02.2025
Қазіргі заманда салықтық ашықтық салық төлеуден жалтаруға қарсы күресте және салық заңнамасының сақталуын арттыруда шешуші рөл атқарады. Осы тұрғыда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі - ЭЫДҰ) салық тәртібін нығайтуға бағытталған халықаралық бастамаларда жетекші орын алады, солардың ішінде Салық ақпаратын автоматты түрде алмасудың бірыңғай стандартын (CRS – Common Reporting Standard) енгізу негізгі шаралардың бірі болып табылады.
Жаһандық салықтық ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған бұл тетікті ЭЫДҰ 2014 жылы G-20 елдерімен бірлесіп әзірледі және оны бүкіл әлем бойынша 100-ден астам юрисдикция қолдады. CRS
стандартына сәйкес қаржы институттары, соның ішінде банктер, инвестициялық
қорлар және сақтандыру компаниялары жыл сайын бейрезиденттердің
шоттары туралы мәліметтерді жинап, салық органдарына беруге міндетті. Содан
кейін деректер жаһандық деңгейде салықтық ашықтықты қамтамасыз ете отырып,
елдер арасында автоматты түрде алмасады. 2024 жылғы
қарашаға 125 ел CRS негізінде қаржылық ақпаратты автоматты түрде алмасу туралы
құзыретті органдардың көпжақты келісіміне (бұдан әрі - Көпжақты келісім) қол қойды, бұл бастаманың маңызын және оны халықаралық
кеңістікте
кеңінен танылуын көрсетеді.
Қазақстан бұл бастамаға қосылып, 2018 жылы Көпжақты келісімге қол қойды. Оны
іске асыру шеңберінде ҚР Ұлттық Банкінің деректерін талдауға сәйкес 578 жеке
тұлғадан бюджетке 3 млрд теңге өндірілді (2024 жылғы сәуірдегі жағдай бойынша).
Бұдан басқа, қосымша 14,7 млрд теңге сомасына салық есептелді. Ең көп түсімдер
Біріккен Араб Әмірліктерінен, Ұлыбританиядан, Қытайдан және Түркиядан түскен. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – ҚР МКК)
ақпараты бойынша, бүгінгі күні Қазақстан 26 оффшорлық елдерді қоса алғанда,
әлемнің 89 юрисдикциясымен салықтық ақпаратпен автоматты түрде алмасуды жүзеге
асырады. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштерден едәуір асып түседі, мұндай
юрисдикциялардың саны 51 болды. ҚР МКК деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта офшорлық юрисдикцияларда ашылған
Қазақстандықтардың банк шоттарында 1,4 млрд теңге сақталады, оның ішінде 1,2
млрд теңге Панамада, 200 млн теңге Вануатуда, 100 млн теңге Сан-Маринода
орналасқан.
Осылайша, Қазақстанда CRS енгізу халықаралық әріптестер алдындағы
міндеттемелер ғана емес, азаматтар мен ұйымдардың қаржылық операцияларына
бақылауды күшейтуге бағытталған салық жүйесін реформалаудағы маңызды қадам да болып
табылады.
Қарау саны: 51 |
|
|