Жұмыс тобы БҰҰ Басшылық қағидаттарын ескере отырып, кәсіпкерлік қызметте адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жолдарын талқылады

26.02.2025

2025 жылғы 21 ақпанда "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ алаңында БҰҰ Басшылық қағидаттарын ескере отырып, кәсіпкерлік қызметте адам құқықтарын сақтау бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Отырыс Қазақстан Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаментінің директоры Джамбулов Эриктің төрағалығымен өтті. Сонымен қатар, іс-шара мемлекеттік органдардың, бизнестің, азаматтық қоғамның және халықаралық ұйымдардың өкілдерін біріктірді.

Отырыста кәсіпкерлікте адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету бөлігінде жұмыс тобының отырыстары барысында әзірленген алдын ала ұсынымдар ұсынылды, сондай-ақ Ұлттық базалық бағалау негізінде бизнес-ортада заңнаманы жетілдірудің және құқық қорғаудың тәжірибелік тетіктерінің негізгі бағыттары талқыланды.


Талқылауға шығарылған негізгі ұсыныстардың ішінде:


- адам құқықтарын сақтау үшін бизнесте тиісті тексеру тетіктерін енгізу;

- жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау үшін заңнаманы жетілдіру;

- компаниялардың халықаралық стандарттар және оларды енгізудің қажетті шаралары туралы хабардар болу деңгейін арттыру;

- тиісті тексеру талаптарын мемлекеттік сатып алулар мен инвестициялық келісімдерге біріктіру;

- кәсіпорындар деңгейінде адам құқықтары саласындағы саясатты әзірлеу және енгізу;

- Ұлттық байланыс орталығын (ҰБО) медиация жүйесіне кіріктіру;

-  бизнестің әлеуметтік жауапкершілік тетіктерін дамыту;

-  шағымдарды ашық қарау жүйесін енгізу және адам құқықтары жөніндегі корпоративтік рәсімдерді енгізу.


Сонымен қатар, адам құқықтарын сақтау саласындағы құзыреттерді арттыруға бағытталған бизнес пен мемлекеттік құрылымдарға арналған бағдарламалар мен тәжірибелік ұсыныстарды әзірлеу қажеттілігі талқыланды.


Ұсынымдар Қазақстанда тұрақты және жауапты бизнес-ортаны қалыптастыруға бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыс мемлекеттік органдармен, бизнес-қауымдастықтармен және халықаралық әріптестермен консультациялар форматында жалғасады.


Жақын арада мүдделі тараптардың ұстанымдарын қалыптастыру күтілуде, олардың негізінде қорытынды шешім шығарылатын болады. Ұлттық заңнаманы және кәсіпкерлік қызметте адам құқықтарын қорғаудың тәжірибелік тетіктерін жетілдіру үшін негіз болатын егжей-тегжейлі ұсынымдармен жұмысты аяқтау жоспарлануда.



Қарау саны: 168
Сақталған: 26.02.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!