Қазақстанда 10 жылда алғаш рет көші-қон ағыны ұлғайды: уақытша өсім бе әлде үрдіс пе?

26.02.2025

2012-2022 жылдар аралығында елде сыртқы көші-қонның теріс сальдосы байқалды. Осы жылдар ішінде елден 358 308 адам кетті, елге 179 952 адам келді, көші-қон сальдосы 178 356 адамды құрады.

2023 жылы он жылда алғаш рет елге келгендер саны 9 293 адамға, ал 2024 жылдың қорытындысы бойынша 17 164 адамға артты.

Қазақстанда этникалық көші-қон көші-қон процестерінде маңызды рөл атқаратынын атап өткен жөн. 2012-2022 жылдары елге келгендердің 57,1%-ы (102 761 адам) этникалық қазақтар, ал елден кеткендердің 70,9%-ы (254 126 адам) этникалық орыстар құрады.

2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда елге келген этникалық қазақтардың саны екіден астам есе өсті – 7 266 адамнан 15 199 адамға дейін, елден кеткен этникалық орыстардың саны да екі есе – 16 024 адамнан 7912 адамға дейін қысқарды.

Сыртқы көші-қонның негізгі бағыты ТМД елдері болып табылады. 2012-2024 жылдары барлық иммигранттардың 82,2%-ы ТМД елдерінен келді, ал эмигранттардың 88,6%-ы ТМД елдеріне кетті. 2024 жылы сыртқы көші-қонның оң сальдосы ТМД елдерімен (14 719 адам) және басқа елдермен (2 445 адам) қалыптасқанын атап өткен жөн.

Тұтастай алғанда елдің қалыптасқан көші-қон жағдайының оң динамикасы бірқатар факторларға байланысты:

  • Елдегі орнықты әлеуметтік-экономикалық жағдайды сақтау;
  • Этникалық қазақтарды тарихи отанына қайтару жөніндегі елдің көші-қон саясатын жалғастыру;
  • Көрші елдердегі геосаяси жағдайдың тұрақтылығы.

 

ӨЗӨСО жетекші сарапшысы

Тулешова Шынар



Қарау саны: 219
Сақталған: 27.02.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!