Қазақстандағы «Жасыл өсу»

15.09.2020

23 қыркүйекте сағат 11.00-де «Қазақстандағы «жасыл өсу» экономиканы экологияландыру» Орнықты даму мақсаттары бойынша онлайн-конференция өтеді.⠀

«Орта мерзімді перспективада экономиканың өсуі барған сайын «жасыл» болуы керек. Сондықтан, қазірдің өзінде терең декарбонизацияның негізін қалау керек. Үкіметке ғылыми қоғамдастықпен және жеке меншік сектормен ынтымақтаса отырып, «жасыл өсу» жөнінде ұсыныстар топтамасын әзірлеуді тапсырамын».

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан, 2020 жылғы 1 қыркүйек.⠀

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның 2015-2019 жылдар кезеңіндегі климаттың жай-күйі туралы баяндамасында елдер парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша өз міндеттемелерін орындамайтыны атап өтілді. Бұл климаттың өзгеруі ғалымдар ойлағаннан әлдеқайда тез жүретінін көрсетеді.

Көмірқышқыл газы шығарындыларының қарқындылығы бойынша елдер рейтингінде Қазақстан төртінші орында тұр.

Еліміздегі атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындыларының негізгі көздері-ірі өнеркәсіптік нысандар, автокөліктер және елді мекендердегі жеке тұрғын үйлерді жылыту көздері.

Бір жылдың ішінде атмосфераға парниктік газ шығарындыларының көлемі 229 млн.тоннаны құрады.

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ БҰҰ Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Үйлестіру кеңесінің Хатшылығы болып табылады және «Жер» ОДМ жұмыс тобы шеңберінде саланың жетекші сарапшыларын экология және жасыл экономика мәселелерін талқылауға шақырады.

Спикерлер арасында - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, БҰҰДБ-ның, Экономикалық зерттеулер институтының, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының, «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ-ның, «Жасыл академия» Ғылыми-білім беру орталығының, «Expo&Women»-нің өкілдері, сондай-ақ бірқатар ҮЕҰ өкілдері мен сарапшылар бар.

Қатысыңыз, сұрақтар қойыңыз. Тікелей көрсетілім Экономикалық зерттеулер институтының YouTube-арнасында өтеді.

Еconomy.kz ресми порталындағы және Facebook-тегі @economic.research.kz парақшасындағы жаңалықтардан хабардар болыңыз.


Қарау саны: 6223
Сақталған: 18.09.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!