AlTi-2025 Жаһандық әлеуметтік ілгеріліс индексінің нәтижелері
03.03.2025
2025 жылғы AlTi Жаһандық әлеуметтік ілгеріліс индексінде Қазақстан 2024 жылғы рейтингпен салыстырғанда өз позициясын 5 тармаққа жақсартып, 170 елдің ішінде 58-орынға ие болды. Қазақстанның жалпы балы 71,52 (2024 жылы – 69,73) құрады, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен (64,02) жоғары.
Былтырғы көшбасшы Данияны екінші орынға ығыстырып, Рейтинг көшбасшысы Норвегия болды. Көшбасшылар үштігін Финляндия жабады. Әлеуметтік ілгерілістің деңгейі төменмен елдер санатына Оңтүстік Судан (170-орын), Орталық Африка Республикасы (169-орын) және Чад (168-орын) кірді. Қазақстан Қытай
(72-орын), Ресей (77-орын), Қырғызстан (81-орын), Түркия (83-орын) және
Әзірбайжан (98-орын) сияқты елдерді басып озды. Рейтингтің барлық үш факторы – адамның негізгі қажеттіліктері, әл-ауқат негіздері және мүмкіндіктері бойынша – Қазақстан оң динамиканы көрсетті. Индекстің 12 компонентінің 8-і жақсарды, қалған 4-і төмендеді.
Ең үлкен төмендеу "Тамақтану және негізгі медициналық қызметтер" компоненті шеңберінде атап өтілді (-10 орын), бұл жұқпалы аурулардан болатын өлім-жітім (-20 орын) және балалардағы өсудің тежелуі (-11 орын) көрсеткіштері бойынша ел жағдайының нашарлауына байланысты. AlTi 2025 жаһандық әлеуметтік ілгеріліс индексіндегі Қазақстан
Индикаторлар бөлінісінде Қазақстан
орта білім берудегі
гендерлік теңдік, орта мектептегі үлгерім және электрмен жабдықтаудың қолжетімділігі
бойынша көшбасшы. Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтары - NEET үлесі (16-орын), өмір таңдау еркіндігі
(23-орын), көмек көрсетуге дайын болу (24-орын), интернет қолданушылар саны
(29-орын), ақшалай қаражатты ұрлаудың салыстырмалы түрде төмен деңгейі
(30-орын). Елдің әлсіз позициялары - атмосфералық ауаның ластануы (134-орын), саяси
құқықтар (132-орын), әлемдік баспасөз бостандығы индексі (130-орын), жұқпалы
емес аурулар (127-орын) бойынша орын алады).
G7 елдері және басқа да дамыған экономикалар баяу өсуді көрсетеді, ал
дамушы елдерде ең үлкен жетістіктер байқалады. Сондай-ақ, әлеуметтік ілгеріліс өмір сүру деңгейінің негізгі факторы
болып қала беретін экономикалық өсумен тығыз байланысты. Алайда, егер табысы
төмен елдерде ЖІӨ-нің шамалы өсуі әлеуметтік көрсеткіштерді едәуір жақсартса,
бай елдерде ЖІӨ өсуінің әсері төмендейді. Мысалы, Латвияда жан басына
шаққандағы ЖІӨ екі есе төмен болғанына қарамастан, АҚШ-тың әлеуметтік
көрсеткіштері Латвиямен салыстыруға келеді. Өзгерістерге жылдам жауап беру икемділігі мен қабілетіне ие жеке капитал анағұрлым
инклюзивті әлем құруда және экономикалық өсу мен әлеуметтік ілгеріліс
арасындағы алшақтықты жоюда шешуші рөл атқара алады. AlTi жаһандық әлеуметтік ілгеріліс индексі инвесторлар үшін өмір сапасын жақсартуда төрт негізгі бағытты бөліп көрсетеді: денсаулық сақтауды, азық-түлік қауіпсіздігін және инфрақұрылымды дамыту, құқықтар мен бостандықтарды нығайту, таза технологиялар арқылы тұрақты экономиканы қолдау және гендерлік теңдікті ілгерілету. Анықтама үшін:
Қарау саны: 94 |
|
|