AlTi-2025 Жаһандық әлеуметтік ілгеріліс индексінің нәтижелері

03.03.2025

2025 жылғы AlTi Жаһандық әлеуметтік ілгеріліс индексінде Қазақстан 2024 жылғы рейтингпен салыстырғанда өз позициясын 5 тармаққа жақсартып, 170 елдің ішінде 58-орынға ие болды. Қазақстанның жалпы балы 71,52 (2024 жылы – 69,73) құрады, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен (64,02) жоғары.

Былтырғы көшбасшы Данияны екінші орынға ығыстырып, Рейтинг көшбасшысы Норвегия болды. Көшбасшылар үштігін Финляндия жабады. Әлеуметтік ілгерілістің деңгейі төменмен елдер санатына Оңтүстік Судан (170-орын), Орталық Африка Республикасы (169-орын) және Чад (168-орын) кірді.

Қазақстан Қытай (72-орын), Ресей (77-орын), Қырғызстан (81-орын), Түркия (83-орын) және Әзірбайжан (98-орын) сияқты елдерді басып озды.

Рейтингтің барлық үш факторы – адамның негізгі қажеттіліктері, әл-ауқат негіздері және мүмкіндіктері бойынша – Қазақстан оң динамиканы көрсетті. Индекстің 12 компонентінің 8-і жақсарды, қалған 4-і төмендеді.

Ең үлкен ілгеріліс "Инклюзивті қоғам" санатында тіркелді (+38 тармақ). Бұл елдің NEET үлесі (+7 орын), азшылықтарға қатысты кемсітушілік (+7 орын), көмек күту (+6 орын) бойынша жағдайының жақсаруына байланысты.

Ең үлкен төмендеу "Тамақтану және негізгі медициналық қызметтер" компоненті шеңберінде атап өтілді (-10 орын), бұл жұқпалы аурулардан болатын өлім-жітім (-20 орын) және балалардағы өсудің тежелуі (-11 орын) көрсеткіштері бойынша ел жағдайының нашарлауына байланысты. 

AlTi 2025 жаһандық әлеуметтік ілгеріліс индексіндегі Қазақстан

 

2024 жыл/

170 ел

2025 жыл/

170 ел

Өзг.

Әлеуметтік ілгеріліс индексі

63

58

▲5

"Адамның негізгі қажеттіліктері" факторы

60

57

▲3

Тамақтану және негізгі медициналық қызметтер

44

54

▼10

Су және санитария

71

67

▲4

Тұрғын үймен қамтамасыз ету

40

32

▲8

Жеке қауіпсіздік

69

60

▲9

"Әл-ауқат негіздері" факторы

54

49

▲5

Негізгі білімге қолжетімділік

42

41

▲1

Ақпарат пен коммуникацияларға қолжетімділік

47

50

▼3

Денсаулық және әл-ауқат

80

75

▲5

Қоршаған ортаның сапасы

86

73

▲6

"Мүмкіндіктер" факторы

85

78

▲7

Жеке құқықтар

124

119

▲5

Жеке бостандық және таңдау

46

52

▼6

Инклюзивті қоғам

110

72

▲38

Жоғары білімге қолжетімділік

58

66

▼8

 

Индикаторлар бөлінісінде Қазақстан орта білім берудегі гендерлік теңдік, орта мектептегі үлгерім және электрмен жабдықтаудың қолжетімділігі бойынша көшбасшы.

Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтары - NEET үлесі (16-орын), өмір таңдау еркіндігі (23-орын), көмек көрсетуге дайын болу (24-орын), интернет қолданушылар саны (29-орын), ақшалай қаражатты ұрлаудың салыстырмалы түрде төмен деңгейі (30-орын).

Елдің әлсіз позициялары - атмосфералық ауаның ластануы (134-орын), саяси құқықтар (132-орын), әлемдік баспасөз бостандығы индексі (130-орын), жұқпалы емес аурулар (127-орын) бойынша орын алады).

Жалпы, зерттеу нәтижелері бойынша бүгінде адамдардың үштен екісі әлеуметтік ілгеріліс тоқтаған немесе құлдыраған елдерде тұратыны анықталды.

G7 елдері және басқа да дамыған экономикалар баяу өсуді көрсетеді, ал дамушы елдерде ең үлкен жетістіктер байқалады.

Сондай-ақ, әлеуметтік ілгеріліс өмір сүру деңгейінің негізгі факторы болып қала беретін экономикалық өсумен тығыз байланысты. Алайда, егер табысы төмен елдерде ЖІӨ-нің шамалы өсуі әлеуметтік көрсеткіштерді едәуір жақсартса, бай елдерде ЖІӨ өсуінің әсері төмендейді. Мысалы, Латвияда жан басына шаққандағы ЖІӨ екі есе төмен болғанына қарамастан, АҚШ-тың әлеуметтік көрсеткіштері Латвиямен салыстыруға келеді.

Өзгерістерге жылдам жауап беру икемділігі мен қабілетіне ие жеке капитал анағұрлым инклюзивті әлем құруда және экономикалық өсу мен әлеуметтік ілгеріліс арасындағы алшақтықты жоюда шешуші рөл атқара алады.

AlTi жаһандық әлеуметтік ілгеріліс индексі инвесторлар үшін өмір сапасын жақсартуда төрт негізгі бағытты бөліп көрсетеді: денсаулық сақтауды, азық-түлік қауіпсіздігін және инфрақұрылымды дамыту, құқықтар мен бостандықтарды нығайту, таза технологиялар арқылы тұрақты экономиканы қолдау және гендерлік теңдікті ілгерілету. 

Анықтама үшін:  

AlTi Жаһандық әлеуметтік прогресс индексі зерттеуі экономикалық көрсеткіштеріне қарамастан, елдердің әлеуметтік даму деңгейін бағалауға және өлшеуге бағытталған. Бұл мемлекеттердің азаматтарға негізгі қажеттіліктерді қаншалықты тиімді қамтамасыз ететінін, әл-ауқат үшін жағдай жасайтынын және әлеуетті іске асыру үшін мүмкіндіктер беретінін анықтауға көмектеседі.
Ол AlTi Tiedemann Global компаниясымен серіктестікте ілгерілісті өлшеу және бүкіл әлемдегі қауымдастықтардағы өмір сапасын жақсартуға бағытталған әрекеттерді ынталандыру үшін әзірленген.
Индекс әлем халқының 99%-дан астамын қамтитын 170 елдегі әлеуметтік және экологиялық дамудың 57 индикаторын бағалайды.



Қарау саны: 92
Сақталған: 12.03.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!