Семейде Орнықты даму мақсаттарын оқшаулау және үшінші Ерікті ұлттық шолуды дайындау бойынша екі күндік семинар өткізілді
03.03.2025
![]() 2025 жылғы 27 және 28 ақпанда Семей қаласында ҚР Ұлттық экономика министрлігі, "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ және БҰҰ Даму бағдарламасы ұйымдастырған екі күндік семинар өтті. Іс-шараның тақырыбы Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) оқшаулау және Қазақстанның үшінші Ерікті ұлттық шолуын (ЕҰШ) дайындау болды. Семинар Қазақстанның ОДМ-на қол жеткізудегі ілгерілеуін және
жаһандық мақсаттарды ұлттық саясатқа кіріктіруді талқылау үшін жергілікті
атқарушы органдардың, талдау орталықтарының және азаматтық қоғамның өкілдерін
жинады. Биыл наурыздың соңына дейін еліміздің әртүрлі өңірлерінде бірқатар
ұқсас іс-шара өткізу жоспарланғанын айта кеткен жөн. ОДМ-ын оқшаулауға арналған семинардың бірінші күні қатысушылар өңірлік
деңгейде жаһандық мақсаттарды енгізудің маңыздылығын талқылады. Облыстың
экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Абай Роза
Құдайбергенқызы орнықты дамудың жаһандық үдерісіндегі жергілікті бастамалардың
маңыздылығын атап өтті. «Біздің ОДМ бейімдеу жөніндегі іс-әрекеттеріміз
жаһандық мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етіп қана қоймай, сондай-ақ азаматтарымыздың
өмірін нақты жақсартуға бағытталған», – деп атап өтті ол өз сөзінде. ҚР ҰЭМ Әлеуметтік саланы, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту
департаментінің директоры Нұргүл Жанназарова осы стандарттарды енгізу кезінде
өңірлердің алдында тұрған қиындықтарды атап өтті. «ОДМ оқшаулау жаһандық
стандарттарды бейімдеуді ғана емес, сондай-ақ әр өңірдің бірегей ерекшеліктерін
ескеруді де талап етеді. Бұл процестің сәтті болуы үшін сіздің белсенді
ұстанымыңыз бен қатысуыңыз өте маңызды», – деп мәлімдеді ол.
Талқылау барысында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері индикаторлардың
мониторингі үшін жауапкершілікті бөлуге байланысты мәселелерді көтерді. Облыстық
ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Ерлан Ргаев отандық азық-түлік
тауарлары үлесінің мониторингі оның басқармасына бекітілгенін, дегенмен
қолданыстағы ережелерге сәйкес бұл міндетті өңірлік кәсіпкерлік және өнеркәсіп
басқармасы орындауы тиіс екенін атап өтті. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Ерсін Құдайбергенов орташа
сағаттық табыс көрсеткішін бақылау кезінде жұмыспен қамту басқармасы мен еңбек
инспекциясы арасындағы міндеттерді бөлуді нақтылауды ұсынды. Бұл мәселелер
мониторингтің тиімділігін арттыру үшін қосымша талқылауды қажет етеді. Семинардың екінші күні Қазақстан БҰҰ-ға 2025 жылы ұсынатын үшінші Ерікті
ұлттық шолуды дайындауға арналды. ОДМ жөніндегі Хатшылық директорының орынбасары Нұртуған Уралбаев осы
құжатты дайындауға талдау жасады. Қатысушылар ОДМ-ын ұлттық деңгейде жүзеге
асырудағы негізгі сын-қатерлер мен жетістіктерді талқылап, ЕҰШ дайындау
негізіне айналған "Ешкім қалыс қалмасын" қағидатына ерекше назар
аударды. Іс-шара барысында ОДМ-на қол жеткізуді мониторингтеу және бағалау
мәселелері, сондай-ақ ұлттық шолуды дайындау процесінде жергілікті деректер мен
азаматтық қоғамның рөлі қаралды.
Семинарда көтерілген өзекті мәселелердің қатарында экологиялық мәселелерден
зардап шеккен өңірлердің тұрғындарын қолдау, орман алқаптарын ұлғайту, қатты
тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін жақсарту және мәдени туризмді дамыту
талқыланды. Семинар үшінші ЕҰШ дайындауда және ОДМ-ын өңірлер деңгейінде оқшаулау
процесінде маңызды кезең болды. Биліктің қоғаммен ынтымақтастыққа ашықтығы және
барлық мүдделі тараптардың белсенді қатысуы Қазақстанның орнықты даму,
әлеуметтік әділеттілік және инклюзивтілік қағидаттарына бейілділігін растайды.
Қарау саны: 46 |
|
|