«Өңірлер: апта оқиғалары» (2025 ж. 24 ақпан - 2 наурыз)
04.03.2025
Жамбыл облысы. "Jibek Joly" АЭА аумағында қытайлық инвесторлар қуаттылығы 3 млн. тонна болат металлургия комбинатын салу жөніндегі жобаны іске асыратын болады. Салымдардың жалпы сомасы – 1,2 млрд. АҚШ долл., жобаны іске асыру шеңберінде 2,5 мың жұмыс орны құрылады. Құрылыстың басталуы 2025 жылғы сәуірде жоспарланған. Бірінші кезеңде (2027 жыл) өндіріс
қуаты 1 млн. тонна болатты құрайды, ал салым көлемі 160,2 млрд. теңгеге жетеді.
2029 жылға қарай өнім шығару 3 млн. тоннаға дейін ұлғаяды, ал қосымша
инвестициялар көлемі 312,8 млрд. теңгені құрайды. Екінші кезең шеңберінде қуаты 350 МВт газ турбиналы электр станциясының
құрылысы көзделген, оған инвестор 201,3 млрд. теңге бөлетін болады. Өндіріс үшін
қазақстандық шикізат: Қарағанды, Қостанай және Ұлытау облыстарында өндірілетін
табиғи газ және темір рудасы, сондай-ақ әк пайдаланылатын болады. Илемдікті,
арматураны, құбырларды өндіруге арналған жолақты болатты, сондай-ақ бұрыштық
және бейінді болатты қоса алғанда, өнімдердің кең түржинағын шығару
жоспарлануда. Кәсіпорында
темірді тікелей қалпына келтіру технологиясы енгізіледі, бұл оның өнімдегі
жоғары құрамын - 90%-дан астам қамтамасыз етеді және қазақстандық
металлургияның бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Солтүстік Қазақстан облысы. Петропавл қаласында майлы дақылдарды қайта өңдеу бойынша
"Май-Дел" ЖШС жаңа май экстракциялық зауыты іске қосылды. Жобаның
құны – 34 млрд. теңге, қуаты – жылына 400 мың тонна майлы дақыл, 220 жаңа жұмыс
орны құрылады. Бюджетке 3,2 млрд. теңге салық жіберіледі.
Жаңа май экстракциясы зауытының арқасында өңір өз өнімін толық өңдеуді
қамтамасыз етеді. Өткен жылы СҚО-да 780 мың тонна майлы дақыл жиналды, бұл
ретте, қайта өңдеу кәсіпорындарының жиынтық қуаты енді жылына 813 мың тоннаны
құрайды. Түркістан облысы. Түркиядан келген инвесторлар агроөнеркәсіп саласындағы өңірмен
ынтымақтастыққа дайын екенін білдіріп, "жасыл" технологиялар
негізінде биогаз және интеграцияланған тыңайтқыштар өндірісін іске қосуды
жоспарлап отыр. Мал шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдейтін зауыт электр және
жылу энергиясын өндіретін болады. Оның жылдық қуаты сағатына 4,95 МВт биогазды
құрайды. Зауыт толық іске қосылғаннан кейін 100-ден астам жұмыс орны ашылады. Жобаның бастамашылары қатты, сұйық органикалық және органоминералды тыңайтқыштарды өңдеуге мүмкіндік беретін патенттелген биогаз өндіру технологиясының тиімділігін атап өтті. Зауыттың құрылысы биыл басталады . Жоба аясында
жыл сайын 75 тонна органоминералды тыңайтқыш пен 40 млн. кВт электр энергиясын
өндіру жоспарлануда. Шымкент.
Қалада қоғамдық көлікте қолма-қол төлемдер
жүйесі жойылды. Енді төлемдер тек электрондық әдістермен
жүзеге асырылады, көлік карталары, QR-код, банк карталары, сондай-ақ NFC және Apple Pay,
Google Pay, Samsung Pay арқылы төлем функциялары қолданылады.
Бұл жаңалық көлеңкелі ақша айналымын жоюға, қоғамдық
көліктер кестесінің сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ жол-көлік
оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, 2024 жылғы 1 мамырдан бастап 14 жекелеген
санаттағы азаматтарға (319 мың адам) қоғамдық көлікте тегін жол жүру құқығы
берілді, I және II топтағы мүгедек азаматтар үшін карталарды тегін дайындалады. Қарағанды облысы. Өңірде
"Бір ауыл -
бір өнім" жобасын іске асыру жалғасуда, оның мақсаты - жергілікті
шикізаттан бірегей өнім іздеу және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау. Жоба
аясында қатысушылар консультациялық және маркетингтік қолдау алады, сондай-ақ
өз өнімдерін өңірлік, ұлттық және халықаралық нарықтарға ілгеріте алады. Бағдарлама кәсіпкерлерге
жеке кеңес беруді, өңірлік көрмелерді өткізуді, ілгерілету үшін өнімді
анықтауды, финалистерді оқыту мен маркетингтік қолдауды қамтиды. Қостанай
облысы. Өңір әкімдігінде қытайлық автомобиль жасау
компанияларының өкілдерімен кездесу өтті, онда өңірде автомобиль өнеркәсібі
үшін алюминийден жасалған доңғалақ дискілерін жасау мүмкіндігі талқыланды. Beijing Jinghanlin Mould Manufacturing Co. Ltd Оңтүстік-Шығыс
Азия, Латын Америкасы, Еуропа және АҚШ елдеріне өнім жеткізетін алюминий
дөңгелектері мен автомобиль бөлшектерін өндірушілердің бірі болып табылады. Енді инвесторлар Қазақстанды өндірісті кеңейту үшін
перспективалы алаң ретінде қарастыруда.
Саланың қарқынды дамуының арқасында облыс әлемдік
автокомпоненттер өндірушілерін тартуды жалғастыруда. Өңірде жаңа өндірістер
үшін қолайлы жағдайлар жасалып, осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады. Жетісу облысы. Өңір аграршыларына (679 субъект) қант зауыттарына қайта өңдеуге
өткізілген таза салмақтағы 560 мың тонна қант қызылшасы үшін 14 млрд. теңге
мөлшерінде субсидиялар толығымен төленді. Сонымен қатар, Ақсу және Көксу қант
зауыттары аграршыларға 8,4 млрд. теңге төледі. Қазіргі уақытта фермерлер басым дақылдарға субсидия алды, соның арқасында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Бір ай бұрын көктемгі егіске қажетті техниканы жөндеу басталды. Тұқым себуге қажет тұқымдарға тапсырыс беріледі. Жыл сайын кем дегенде 100 га жерге қант қызылшасы егіледі. Биыл жүгері мен соя егу жоспарлануда. Сондай-ақ көктемгі дала науқанын жүргізуге жеңілдікті бағамен жанар-жағармай материалдарын сатып алуға қаражат дайындалды.
Алматы.
Almaty Tourism Bureau және MasterCard бірлесіп, оңтүстік
астанадағы туристік ағын туралы зерттеу жүргізіп, сапардың негізгі - жоспарлау
мен брондаудан бастап орналастыру мен бос уақытты өткізуге дейінгі кезеңдерін қамтыды. Алынған мәліметтерге сәйкес, қала Орталық Азия бойынша
туристік іздестірулердің 29,7%-ын алып, Қазақстанның басты туристік орталығы болып қала
береді, бұл бұрынғыдан
2 п.т.
жоғары. Өсім әуе рейстердің
ұлғаюымен расталады: Алматыға рейстер саны дәстүрлі әуе компанияларда
(+24,7%), сондай-ақ лоукостерлерде (+44,5%) өсті.
Осылайша, Алматыны туристік хабқа
айналдыру жоспарлары жүзеге асырылуда: қала әуежайы арқылы транзиттік
жолаушылар санының артуы оның халықаралық бағыттардағы артып келе жатқан рөлін
растайды. Атырау облысы. ҚР Энергетика министрлігі
бекіткен 2024-2030 жылдарға арналған Мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамыту
жөніндегі Жол картасына сәйкес ірі жобаларды іске асыру, инфрақұрылым салу және
саланы ынталандыру шараларын пысықтау жоспарлануда. Жол картасының негізгі жобаларының бірі
зауыттың жобалық қуаты жылына 1,250 млн тонна болатын Атырау облысындағы
полиэтилен өндіретін зауыт болады. 2024 жылғы желтоқсанда мұнай-газ-химия саласына - метанол өндіру бойынша Инвестициялар
туралы алғашқы келісімді жасасу мақұлданды. Бұдан басқа, салада газ сепарациялық кешен жобасын қаржыландыру және
нарықты контрафактілік өнімнен қорғау үшін мотор майларын міндетті таңбалауды
енгізу мәселелері пысықталуда. Сондай-ақ, "Мұнай-газ-химия өнеркәсібі туралы" бейіндік заң
әзірленуде. Ақмола облысы. Бірегей Қорғалжын табиғи қорығына – қызғылт
қоқиқаздардың мекендейтін жеріне апаратын "Астана-Қорғалжын" автожолы
жөнделеді. Қазіргі уақытта бұл учаске асфальтбетон жабыны жоқ жер үйіндісі
болып табылады. Жұмыс аяқталғаннан кейін мұнда қауіпсіз және жайлы қозғалысты
қамтамасыз ететін заманауи жол пайда болады.
"Астана-Қорғалжын"
автомобиль жолын орташа жөндеу жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 10
мың км жол жабынын қамтитын республикалық маңызы бар автожолдарды орташа
жөндеудің ауқымды бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Қызылорда облысы. Өңір әкімдігінде "Қызылорда қаласында ҚТҚ кәдеге
жарату, сұрыптау және қайта өңдеу зауытының құрылысы" жобасын іске асыру
жөніндегі меморандум шеңберінде оңтүстік кореялық "With you E&C
Kyzylorda" компаниясының басшылығымен кездесу өтті. Жалпы облыс бойынша алдағы екі
жылда жалпы құны 81 млн АҚШ долл. құрайтын 9 жобаны іске асыру жоспарлануда. Олар
іске қосылған жағдайда, барлық аудан мен облыс орталығы қайта өңдеу
зауыттарымен қамтылатын болады. Әкімдік осы бірлескен жобаны қолдады, оны іске
асыру үшін Қызылорда қаласында ауданы 4 га жер учаскесі берілді. 2023 жылы өңір басшысы бастаған
делегация Оңтүстік Кореяға барып, екіжақты кездесулер мен іс-шаралар
ұйымдастырылды. Бүгінде облыста ҚТҚ қайта өңдеу, жинау және сұрыптау бойынша 15
компания жұмыс істейді, өткен жылы жиналған 303 мың тонна ҚТҚ-дан 91,2 мың
тонна (30,1%) қайта өңделді. Шымкент. Бүгінгі
таңда қалада жалпы ауданы 1 276 га болатын 7 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Олардың ішінде 427 жоба іске асырылуда, 15 мың жаңа жұмыс орны құрылды.
Сауда-логистикалық орталық 136
гектарға кеңейтіледі, қазіргі уақытта инженерлік желілерді салу жұмыстары
жүргізілуде, құрылысты ағымдағы жылдың IV тоқсанында аяқтау жоспарлануда. Жаңа индустриялық аймақтарда 314 инвестициялық жобаны іске асыру және 13,6
мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Шығыс
Қазақстан облысы. 2025 жылы
өңірде балабақшаларда 1500-ге жуық орын құру жоспарлануда, алайда, 2 жастан 3 жасқа дейінгі балалар арасындағы мектепке дейінгі
мекемелерге кезек 2 мың адамнан асады. Ата-аналарға ыңғайлы болу үшін балаларды
тіркеуге және оларды кезекке қоюға мүмкіндік беретін "Балабақша"
цифрлық платформасы, сондай-ақ баланың дамуының цифрлық картасы енгізілуде. Педагогтерді
даярлау 10 құзырет орталығында жүргізіледі, ал наурызда Өскеменде ваучерлік
қаржыландырудың пилоттық жобасы басталады. Сондай-ақ, облыста 343 мектеп жұмыс істейді, олардың көп
бөлігі шағын жинақталған. Оқушы орындарының тапшылығы 6 мыңнан асады. 2024 жылы
Өскеменде 600 орынға арналған мектеп ашылды, 2025 жылы тағы 500 орынға арналған
екі мектеп ашылады. 2100 орынға арналған бес жайлы мектептің құрылысы аяқталды,
900 орынға арналған тағы екеуінің құрылысы жалғасуда. Мектеп инфрақұрылымы жаңартылуда: 50 мектепте асханалар, кітапханалар мен
оқу кабинеттері жөнделді. Барлық мектептер интернетке қосылған, олардың 109-ы
"Әлеуметтік әмиян" жүйесіне кіреді, бұл аз қамтылған отбасылардың
ата-аналарына мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алуға қолдау алуға мүмкіндік
береді. 2023-2024 оқу жылында білім беруді дамытуға 2,6 млрд. теңге демеушілік
қаражат тартылды. 2024 жылы 21 мектепте күрделі жөндеу жоспарланған, ал
облыстың мектеп инфрақұрылымын толық жаңарту үшін шамамен 5 млрд. теңге қажет
болады.
Қарау саны: 116 |
|
|