Жезқазған қаласында Орнықты даму мақсаттарын жергілікті деңгейде іске асыру бойынша және үшінші Ерікті ұлттық шолуды дайындау бойынша екі күндік семинар өткізілді
05.03.2025
![]() Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың, бизнестің, азаматтық қоғамның және академиялық қоғамдастықтың өкілдері қатысты. Қатысушылар Қазақстанның ОДМ-тарына қол жеткізудегі ілгерілеуін, сондай-ақ жаһандық мақсаттарды ұлттық және өңірлік саясатқа енгізуді талқылады. Семинардың бірінші күні ОДМ-ын жергілікті деңгейде іске асыру
мәселелеріне арналды. Ұлытау облысы экономика басқармасының басшысы Н.Е.Абдукалимов,
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Әлеуметтік саланы, құқық қорғау және арнайы
органдарды дамыту департаментінің Орнықты даму мақсаттарын үйлестіру
басқармасының басшысы Г.Е.Ерболова және Қазақстандағы БҰҰ Даму
бағдарламасының жоба талдаушысы З.Б.Ибрагимов сөз сөйледі. Нурлан Ерболатович Абдукалимов
өз сөзінде жергілікті деңгейде ОДМ іске асырудың нақты тетіктері әлі толық
анықталмағанын атап өтті. Ол ҚР Ұлттық экономика министрлігіне, БҰҰ Даму бағдарламасына
және Экономикалық зерттеулер институтына өңірдегі жергілікті деңгейде іске
асыру процесіне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.
Қатысушылар интерактивті сессияға қатысты, оның барысында ОДМ жекелеген
индикаторларын жергілікті деңгейде іске асыру және өңірлік ерекшелікке бейімдеу
егжей-тегжейлерін талқылады. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері облыс
әкімінің төрағалығымен өңірлік үйлестіру органын құруды ұсынды. Бұл олардың
пікірінше, ОДМ жергілікті деңгейде іске асыру тиімділігін арттырады. Бұдан
басқа, өңірлік деңгейде ОДМ көрсеткіштерін мониторингтеу бойынша жұмыс істеген
топ, заңнамада инвестициялар туралы деректерді жинау ережелердің болмауына
байланысты, инвесторлар мен кәсіпкерлерден белгілі бір деректерді
(инвестициялар көлемі бойынша) алудың күрделілігін атап өтті. Семинардың екінші күні, Қазақстан БҰҰ-да 2025 жылы ұсынатын үшінші Ерікті
ұлттық шолуды дайындауға арналды. ОДМ жөніндегі Хатшылықтың жетекші сарапшысы Қарлығаш
Болат аталған құжатты дайындау процесінің талдауын көрсетті. Екінші күндік бағдарлама интерактивті сессиялар мен топтық талқылауларды
қамтыды. Әлеуметтік аспект бойынша жұмыс істеген топ балаларды оңалту
орталығының құрылысын өңірдегі жетістіктердің бірі ретінде атап өтті. Алайда, қатысушылар
облыста перинаталдық орталықтың болмауын атап өтті. Экологиялық мәселелерді
талқылаған топ қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорындар үшін салық мөлшерлемелерін
қайта қарау қажеттілігі тақырыбын көтерді.
Қатысушылар орнықты даму саласындағы Күн тәртібін іске асыру үшін барлық
мүдделі тараптарды ЕҰШ дайындауға және басым міндеттерді әзірлеуге белсенді
тартудың маңызын атап өтті. Семинар Қазақстанның БҰҰ-да ұсынылатын үшінші Ерікті ұлттық шолуын
дайындаудағы, сондай-ақ ОДМ-ын жергілікті деңгейде іске асыру үдерісіндегі
маңызды кезең болды.
Қарау саны: 30 |
|
|