2025 жылғы 5 наурызда өңірлік университеттермен ынтымақтастық шеңберінде "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ сарапшылары мемлекеттік жоспарлау жүйесі мәселелері жөніндегі таныстыру семинарын өткізді.
Мемлекеттік
стратегиялық жоспарлау – бұл азаматтардың әл-ауқатын және елдің тұрақты
экономикалық дамуын қамтамасыз
етудің негізгі құралы. Қазақстанда мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіруге
ерекше назар аударылады, бұл мемлекеттік органдардың, ғылыми қоғамдастықтың
және білім беру мекемелерінің белсенді өзара іс-қимылын талап етеді.
Семинар аясында Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің даму
кезеңдеріне, құрылымына, қағидаттарына, тетіктеріне, сондай-ақ негізгі
нормативтік құқықтық актілеріне арналған презентация ұсынылды.
Іс-шараға сегіз өңірлік университеттің 60-тан астам
өкілі, оның ішінде ғылым жөніндегі проректор және жоғары оқу орындарының
стратегиялық даму департаменттерінің басшысы қатысты.
Қатысушылар талқыланатын мәселелердің өзектілігін атап
өтіп, білім, ғылым және өндіріс салалары арасындағы өзара іс-қимылды күшейту
қажеттігін атап өтті. Талқылау барысында Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне орнықты
даму мақсаттарын енгізу, сондай-ақ Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын
бағалау талқыланды.
Қатысқан өңірлік университеттер қатарында: "Қорқыт
Ата атындағы Қызылорда университеті", "Торайғыров университеті"
(Павлодар), "А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті",
"Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті", "С.Аманжолов
атындағы Шығыс Қазақстан университеті", "Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе
өңірлік университеті", "С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық
университеті", "Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті",
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті болды.