2025 жылғы ақпандағы инфляция бойынша қысқаша анықтама

05.03.2025

Елдегі тұтынушылық инфляция жеделдеп, жылдық көрсеткіште 9,4%-ға жетті. Негізгі өсімді ақылы қызметтер көрсетті, олар жыл ішінде 14,1%-ға өсті.

2025 жылғы ақпанда елдегі инфляция құрады:

- өткен жылғы ақпанға (қаңтарда 8,9%) қатысты 9,4%;

- ағымдағы жылғы қаңтарға (қаңтарда 1,1%) қатысты 1,5%.

                                       

Жылдық мәнде келесіге бағалар:

- азық-түлік тауарларына 6,5%-ға көтерілді (1,5%);

- азық-түлік емес тауарларға 8,7%-ға көтерілді (1,0%);

- ақылы қызметтер 14,1%-ға қымбаттады (2,1%).

 

Инфляция динамикасына негізгі үлесті ақылы қызметтер қосады – 43,5% (яғни, жалпы инфляцияның 9,4%-ынан 4,1%-ы ақылы қызметтерге тиесілі), бұл соңғы жылдардағы жоғары көрсеткіштердің бірі болып саналады. 2024 жылғы ақпанда ақылы қызметтердің үлесі жалпы инфляциянан 38,8% құрады.

Дәстүрлі түрде ең көп үлес қосқан азық-түлік тауарларының үлесі 28,9% құрады. 2024 жылғы ақпанмен, азық-түлік тауарларының үлесі едәуір болған кезеңмен салыстырғанда, олардың инфляцияның жалпы динамикасындағы үлесі 4,5 п.т. 33,4%-дан 28,9%-ға дейін төмендеді. Бұл ретте, өткен аймен салыстырғанда, азық-түлік тауарларының үлесі 1,9 п.т. артты.

Азық-түлік емес тауарлардың үлесі 2024 жылғы ақпандағы 27,2%-дан 2025 жылғы ақпандағы 27,3%-ға дейін өсті.

Азық-түлік тауарларының ішінде ең көп қымбаттады:

  • картоп – 62,1%;
  • түйінді пияз – 27,3%;
  • қырыққабат - 20,2%;
  • минералды және ауыз су – 17,0%;
  • кондитерлік өнімдер – 14,2%;
  • алкогольді сусындар мен темекі өнімдері – 13,0%;
  • салқындататын сусындар – 12,6%;
  • өңделген және консервіленген балық – 12,5%,
  • сары май – 12,2%;
  • жеміс және көкөніс шырындары – 10,6%.

 

Жылдық бағаның төмендеуі қарақұмық жармасы – 20,4%, сәбіз – 6,6%, күріш – 5,7%, жұмыртқа – 5,3% өнімдеріне қатысты тіркелді.

Азық-түлік емес тауарлар тобында бағаның ең көп өсуі аудиовизуалды жабдық - 42,3%,  зергерлік бұйымдар мен сағаттар – 24,4%, отандық құрастырылған жеңіл жаңа автомобильдер – 18,9%, кілемдер және басқа еден жабындары – 13,0%, киім және аяқ киім – 10,9%, жиһаз және тұрмыстық заттар – 10,5% өнімдеріне қатысты байқалды. Баллондардағы сұйытылған газ 20,5%-ға, ағаш отын 14,8%-ға қымбаттады. 

Ақылы қызметтер саласында кешенді демалысты ұйымдастыру қызметтерінің бағасы 34,0%-ға, байланыс қызметтері 14,3%-ға, шаштараз мен жеке қызмет көрсету мекемелерінің қызметтері 12,3%-ға, денсаулық сақтау қызметтері 11,8%-ға, қоғамдық тамақтану қызметтері 10,8%-ға, жеке автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметтері 10,5%-ға, демалыс және спорттық іс-шаралар 9,8%-ға көтерілді. Теміржол жолаушылар көлігімен жол жүру 20%-ға, әуе жолаушылар көлігімен жүру 12,5%-ға, қалалық автобуспен жүру 10,5%-ға қымбаттады. Тұрғын үйді жалға алу үшін төлем 16,5%-ға өсті.

Тарифтер суық суға 70,7%-ға, электр қуатына 21,0%-ға, орталық жылытуға 18,2%-ға, су бұруға 17,3%-ға, ыстық суға 14,5%-ға, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға 13,2%-ға, қоқыс шығаруға 11,1%-ға өсті. Осылайша ТКШ қызметтері 16,3%-ға қымбаттады.

Қазақстанда жылдық тұтынушылық инфляция, қаңтардағы 8,9%-бен салыстырғанда, ақпанда 9,4%-ға дейін жеделдеді. Бұл арада, ақылы қызметтер секторындағы инфляция бағаның жалпы деңгейіне едәуір қысым жасай отырып, ең үлкен үлес алуын жалғастыруда.

 



Қарау саны: 128
Сақталған: 12.03.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!