ЭЫДҰ вебинары

05.06.2020

2020 жылғы 5 маусымда ЭЫДҰ-ның (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) «COVID-19-ға әрекет ету және бизнес үшін құқықтық ортаны жақсарту. Қазақстан» тақырыбына вебинар өтті. Аталған іс-шара Орталық Азия елдерінің үкіметтерімен жүргізілген, COVID-19 стратегиясына жауап беруге арналған, Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен жүзеге асырылатын вебинарлар сериясының бір бөлігі болып табылады.

Вебинар мынадай тақырыптар бойынша үш сессиядан тұрды: жеке секторды және кәсіпкерлікті дамыту, салық салу, саясат және тікелей шетел инвестицияларын ілгерілету.  

ЭЫДҰ үшін Қазақстанның COVID-19 пандемиясынан туындаған дағдарысты женуде, сондай-ақ халықты қорғау мен кәсіпкерлік қызметті қолдау үшін саяси шараларды әзірлеу мен жүзеге асыру тәжірибесі аса маңызды болып келеді.

Вебинарды ашқан Ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мәдиев Қазақстан ел экономикасын тұрақтандыру мақсатында қабылдаған шараларды атап кетті. Осылайша, коронавируспен күрес жүргізуге және дағдарысқа қарсы бағдарламаларды қаржыландыруға Қазақстан Үкіметі 5,9 трлн.теңге бөлді. Сондай-ақ ол кредиттік «демалыстар», салық пен өзге төлемдер бойынша шегерім жасау, жеңілдетілген кредиттеуге қолжетімділікті кеңейту, жалға алу төлемдерін аударуды тоқтату, тексерістерді алып тастау және т.б. сияқты шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған шараларға жеке  тоқталып кетті.

Өз кезегінде, Еуропалық одақтың Қазақстандағы делегациясының басшысы мен елшісі Свен-Олов Карлсон «Қазақстан Орталық Азиядағы өз бизнесіне жәрдем көрсеткен алғашқы елдердің бірі болғанын» айтып кетті.

Келіссөз жүргізу барысында ЭЫДҰ әдіснамасы елде құқықтық орта салаларын мұқият бағалау негізінде Қазақстанға арналған алдынғы кезекті реформаларды анықтады:

1. Шағын фирмалар үшін операциялық ортаны жақсарту мақсатында кәсіпкерлерге арналған жаңа кодексті рет-ретімен және мұқият енгізу;
2. Шарттардың тиімді орындалуына кепілдік беру үшін барлық кәсіпорындар үшін дауларды реттеу тетіктерінің жұмыс істеуін жақсарту;
3. Экспорттық рәсімдерге тартылған агенттіктер арасында сауда мен ынтымақтастық рәсімдерін оңайлату.



Қарау саны: 5921
Сақталған: 28.07.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!