Моноқалалар: Теміртау
13.03.2025
![]() Қаланың және оның өнеркәсіптік объектілерінің құрылысы Қарағанды көмір бассейнін игеру кезеңімен байланысты. Теміртау Қарағанды
агломерациясының құрамына кіреді және Қарағанды серік қаласы болып
табылады, бұл моноқаланың экономикалық дамуына жағымды әсер етеді. Қала экономикасының негізін келесі салалар
құрайды: металлургия, химия өнеркәсібі, басқа металл емес минералды өнімдер
өндірісі. Қала аумағында пайдалы қазбалардың ірі кен орындары бар: әктас,
саздақ, мыс, құрамында алтын бар кендер.
Қалада өнеркәсіп өнімінің көлемі 2022 жылы 1
222,8 млрд. теңгеден 2024 жылы 1 122,8 млрд. теңгеге дейін төмендеді. Негізгі
капиталға салынған инвестициялар 2024 жылы 331 132,8 млн. теңгені құрады. Моноқалада 3 зәкірлік жоба іске асырылды.
2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша қала халқының саны – 176 668 адам. 2020
жылдан бастап көрсетілген кезеңге дейін моноқаланың халқы 5,1%-ға (9 412 адамға) азайды. Қаладағы
көші-қон сальдосы теріс. 2023 жылдың соңына қарай экономикалық белсенді халық
саны 91,6 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы деңгейден 7%-ға төмен (98,1 мың адам). Бір
мезгілде жұмыспен қамтылған халық санының төмендеуі байқалады – 2019 жылы 93,6
мың адамнан 2023 жылы 88 мың адамға дейін (-5,6 мың адам). 2024 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша
қаладағы орташа айлық жалақы 371 118 теңгені құрады. Жұмыссыздар саны 2022 жылы
602 адамнан 2024 жылы 1652 адамға дейін өсті.
Теміртау қаласы әдеттегі моноқала ретінде бірқатар
құрылымдық және инфрақұрылымдық шектеулерге тап болады. Бұл - экономикалық монобағыт, инженерлік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы
(қаланың бірқатар бөліктерінде сумен жабдықтау және су бұру жүйелері жоқ),
шағын және орта бизнесті қаржыландыруға қолжетімділіктің шектелуі, сондай-ақ ауаның
ластануының жоғары деңгейі. Қарағанды агломерациясын дамытудың 2025-2029 жылдарға
арналған Кешенді жоспары шеңберінде Теміртау қаласында өнеркәсіптік дамуды,
қалалық инфрақұрылымды жаңғыртуды және әлеуметтік саланы қамтитын бірқатар ірі
жобаларды іске асыру көзделген. Өнеркәсіп секторында шұлық-шұлық өнімдерін, қорғаныш
маскаларын және қолғаптарды шығаруды ұйымдастыруды қамтитын Textil кәсіпорнының
өндірістік қуатын кеңейту жоспарлануда. "Qarmet" АҚ компаниясының базасында жаңа өнеркәсіптік
кластер қалыптастырылатын болады. Бұл жоба тұрақты өндірістік тізбектерді
нығайтуға, шағын және орта бизнесті ірі өнеркәсіптік кәсіпорынмен
интеграциялауға, сондай-ақ металлургия саласын жаңғыртуға және цифрландыруға
бағытталған. Қаланы дамытудың кешенді тәсілі өнеркәсіптік әлеуетті
нығайтуды, жаңа жұмыс орындарын құруды, инвестициялық тартымдылықты арттыруды
және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуды қамтамасыз етеді. ӨЗӨСО жетекші сарапшысы ЦРИКЖ Аманжолова
Әйгерім
Қарау саны: 49 |
|
|