12 наурызда Экономикалық зерттеулер институтында Сәтбаев қаласы әкімдігінің өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Моноқалалардың орнықты даму стратегиялары мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары талқылаудың басты назарына айналды.
Талқылау барысында қатысушылар қала үшін негізгі
сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді егжей-тегжейлі қарастырды. Экономиканы
әртараптандыруға, инвестицияларды тартуға және инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше
назар аударылды. Әкімдік өкілдері мен Институт сарапшылары қала құраушы
кәсіпорынға тәуелділікті төмендету құралы ретінде шағын және орта бизнесті
қолдау тетіктерін, сондай-ақ индустриялық аймақты дамыту жоспарларын талқылады.
Кездесудің жеке блогы Өңірлік стандарттар жүйесі
мен моноқалаларды
дамыту тетіктерінің мониторингін ұйымдастыру бойынша консультация болды. Институт
сарапшылары аймақтағы әлеуметтік-экономикалық процестерді басқару тиімділігін
арттыратын талдамалық құралдарды ұсынды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қаланы кешенді
дамыту үшін бірлескен бастамалар мен сараптамалық қолдау қажеттігін атап өтіп,
одан әрі ынтымақтастыққа өзара мүдделілігін растады.