Атомдық энергетика – елдің тұрақты әрі таза болашағының кілті

15.03.2025

Қазақстанға атом энергетикасы қажет, өйткені ел қарқынды дамып келеді, ал электр энергиясына деген қажеттілік артып жатыр. Болашақта көмір мен газ сияқты дәстүрлі энергия көздері аз қолжетімді болады және қымбаттай түседі. Электр энергиясының импортына тәуелді болмау және тапшылықты болдырмау үшін алдын-ала сенімді және экологиялық таза баламалар әзірлеу керек.

Атом энергетикасы – бұл тұрақты және қуатты энергия көзі, ол тәулік бойы жұмыс істейді және күн мен жел станцияларына қарағанда ауа-райына тәуелді емес. Қазақстанда уранның үлкен қоры бар, бұл бізге өзімізді арзан ядролық отынмен қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ оны экспорттауға, еліміздің экономикасын нығайтуға мүмкіндік береді.

Атом энергетикасын дамыту – бұл тек станцияларды салу ғана емес, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру, ғылымды, технологияны және білім беруді дамыту. Бұл өнеркәсіптің дамуына, білікті мамандардың пайда болуына серпін береді және Қазақстанды жаһандық энергетикалық нарықта озық ойыншы ретінде нығайтады.

Атом энергетикасын тиімді дамыту үшін сауатты басқару қажет, сондықтан Атом энергетикасы жөніндегі агенттік құрылуда. Ол қауіпсіздікті бақылайды, озық технологияларды енгізеді және барлық процестердің ашықтығын қамтамасыз етеді. Бұл - энергетикалық тәуелсіздікке, орнықты дамуға және Қазақстанның таза энергияның жетекші өндірушісі ретінде халықаралық кеңістікте танылуына қарай жасалатын қадам.

Бакдолотов АйдынКлиматтың өзгеруі орталығының директоры



Қарау саны: 22
Сақталған: 17.03.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!