«Рейтинг көрсеткіштері не туралы айтады?» айдары

17.03.2025

2025 жылғы рейтинг нәтижелері бойынша Қазақстан 63,8 балл нәтижесімен, өткен жылмен салыстырғанда 2 тармаққа төмендеп, 176 ел арасында 68-орынға ие болды (2024 жылғы рейтингте – 62,0 балл мәнімен 66-орын). Қазақстан салыстырмалы еркін экономикамен елдер тобына кіреді.

Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің ішінде Қазақстан 39 елдің ішінен 12-орында тұр. Бұл ретте, елдің мәні орташа әлемдік (59,7 балл) және өңірлік (58,3 балл) мәндерден жоғары бағаланады.

Қазақстан Әзірбайжан (75 орын), Венгрия (79 орын), Италия (81 орын), Греция (83 орын), Өзбекстан (100 орын), Түркия (114 орын), Ресей (135 орын), Қытай (151 орын) сияқты елдерден озып тұр.

Елдің позициясының нашарлауы рейтингтің кейбір компоненттері бойынша нәтижелердің төмендеуімен байланысты, бұл ретте, алты компонент бойынша жақсару байқалады.

Мәндердің төмендеуі "Сауда еркіндігі" компоненттері бойынша 74,6-дан 73,2 баллға дейін және "Монетарлық еркіндік" 62,6-дан 61,3 баллға дейін болды.

Қазақстанда түрлі тарифтік емес шаралар қолданылады, ал орташа өлшенген тарифтік мөлшерлеме 5,9% құрайды, бұл ұлттық нарықты тарифтік қорғаудың салыстырмалы түрде қалыпты деңгейін көрсетеді.

Сонымен қатар, Қазақстанның монетарлық еркіндігінің көрсеткіші әлемдік орташа көрсеткіштен төмен екенін атап өту қажет (67,6 балл).

"Бизнес еркіндігі" компоненті бойынша мәнінің нашарлауына қарамастан (-0,4 балл), елдегі бизнес еркіндігінің көрсеткіші әлемдік орташа көрсеткіштен жоғары (63,4 балл).

"Сот жүйесінің тиімділігі" және "Үкіметтің тұтастығы" компоненттері бойынша елдің нәтижелері 50 балдан төмен екенін атап өткен жөн. Бұл компоненттер барлық азаматтардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлық мәселелерін көрсетеді.

 

Қазақстанның экономикалық еркіндік индексіндегі орындары

 

Индекс 2024

Индекс 2025

Өзгеріс

Жалпы рейтинг (позиция, балл)

66 (62,0)

68 (63,8)

7 (2,3)

1-санат «Заңның үстемдігі»

Меншік құқығы

54,1

54,7

0,6

Сот жүйесінің тиімділігі

33,8

34,8

1,0

Үкіметтің тұтастығы

36,5

39,9

3,4

2-санат «Үкімет мөлшері»

Мемлекеттік шығыстар

84,4

85,1

0,7

Фискалдық әл-ауқат

73,7

91,8

18,1

3-санат «Мемлекеттік реттеу тиімділігі»

Бизнес еркіндігі

69,7

69,3

0,4

Еңбек еркіндігі

62,6

63,2

0,6

Монетарлық еркіндік

62,6

61,3

1,3

4-санат «Нарықтың ашықтығы»

Сауда еркіндігі

74,6

73,2

1,4

Инвестиция еркіндігі

50

50

-

Қаржылық еркіндік

50

50

-

 

Рейтингте Сингапур (84,1 балл), Швейцария (83,7 балл), Ирландия (83,1 балл), Тайвань (79,7 балл) және Люксембург (79,5 балл) көш бастап тұр. Рейтинг соңында Солтүстік Корея (3,0 балл), Куба (25,4 балл), Венесуэла (27,6 балл), Зимбабве (35,1 балл) және Судан (35,3 балл) тұр.

Зерттеудің негізгі қорытындыларының біріне сәйкес, экономикалық еркіндік денсаулық сақтау, білім беру, қоршаған орта, инновация, әлеуметтік ілгеріліс және демократиялық басқару сияқты факторларды қамтитын жалпы әл-ауқатпен едәуір байланысты.

Экономикалық еркіндіктің орташа жаһандық көрсеткіші 58,6 балдан (соңғы екі онжылдықтағы ең төменгі көрсеткіш) 59,7 балға дейін өсті.

Жаһандық ауқымда қаржылық тұрақтылық едәуір нашарлады. Көптеген елдерде артып келе жатқан тапшылықтар мен мемлекеттік қарыз өнімділіктің жалпы өсуіне нұқсан келтірді және сайып келгенде экономикалық өсудің баяулауына әкелуі мүмкін.


Анықтама үшін:

Экономикалық еркіндік индексі (Index of Economic Freedom) – бұл тиісті рейтингті қалыптастыратын экономикалық еркіндік деңгейін бағалайтын біріктірілген көрсеткіш. Экономикалық еркіндік "азаматтарға қажетті еркіндікті қорғау мен қолдауды қоспағанда, тауарлар мен қызметтерді өндіруге, бөлуге және тұтынуға үкімет араласуының немесе кедергісінің болмауы" деп түсініледі.

Индекс 4 санатқа біріктірілген 12 компонент негізінде қалыптасады. Компоненттердің мәндері 0-ден (минимум) 100 баллға (максимум) дейінгі шкала бойынша бағаланады.

Елдер бес топқа бөлінеді. Тиісті топтардағы елдердің саны 2025 жылғы рейтингте жақшада ұсынылған:

1. «Еркін елдер» – 80-100 балл (3 ел).
2. «Басым еркін» – 70-79,9 балл (26 ел).
3. «Салыстырмалы еркін елдер» – 60-69,9 балл (58 ел).
4. «Басым еркін емес елдер» – 50-59,9 балл (60 ел).5. «Еркін емес елдер» – 0-49,9 балл (29 ел).


Қарау саны: 17
Сақталған: 17.03.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!