Петропавлда Орнықты даму мақсаттарын жергілікті деңгейде жүзеге асыру және үшінші Ерікті ұлттық шолуды дайындау бойынша екі күндік семинарлар өтті

17.03.2025

2025 жылғы 13-14 наурызда Петропавл қаласында Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) жергілікті деңгейде жүзеге асыруға және үшінші Ерікті ұлттық шолу (ЕҰШ) жобасын талқылауға арналған өңірлік іс-шаралар сериясы шеңберінде семинарлар өтті.

Ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (ҚР ҰЭМ), "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (Институт), БҰҰ Даму бағдарламасы және жергілікті атқарушы орган болды.

Семинарларға жергілікті атқарушы және өкілді органдардың, бизнес-қоғамдастықтың, азаматтық қоғамның және академиялық ортаның өкілдері қатысты. Қазақстанның ОДМ-на қол жеткізудегі ілгерілеуін, сондай-ақ жаһандық мақсаттарды ұлттық және өңірлік саясатқа енгізуді талқылау кездесулердің негізгі мақсаты болды.

Қатысушылар алдында Куанышбек Калижанов, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Экономика басқармасының басшысы, сондай-ақ Куаныш Садыков, ҚР ҰЭМ Әлеуметтік саланы, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаменті ОДМ үйлестіру басқармасының бас сарапшысы, сөз сөйледі. Олар өңірлердің орнықты даму саясатын іске асыруға белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті және мұндай диалог алаңдары ОДМ тиімді енгізуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Бірінші күн ОДМ жергілікті деңгейде жүзеге асырудың әдіснамалық аспектілеріне арналды. Нуртуган Уралбаев, ҚР ҰЭМ "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық директорының орынбасары, өңірлерде ОДМ жергілікті деңгейде жүзеге асыру бойынша әдістемені енгізудің практикалық мәселелері туралы баяндама жасады.

Интерактивті сессиялар барысында қатысушылар әр мақсатты іске асыру үшін әртүрлі органдардың жауапкершілігін арттыратын жұмыс топтарын құрудың маңыздылығын, сондай-ақ олардың хабардар болу деңгейін атап өтті. Сонымен қатар, олар аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, ОДМ жекелеген индикаторларын бейімдеу ерекшеліктерін талқылады.

Екінші күні қатысушылардың назары Қазақстан БҰҰ-ға 2025 жылы ұсынатын үшінші Ерікті ұлттық шолу жобасын талқылауға бағытталды. Нуртуган Уралбаев орнықты дамудың негізгі бағыттары бойынша Қазақстанның ағымдағы сын-қатерлері мен жетістіктеріне талдау жасады.

Сонымен қатар, Есжанова Асель Тлеубайевна, "Атамекен" ҰКП жанындағы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы, гендерлік теңдікке, атап айтқанда, Қазақстанда ОДМ-на қол жеткізудегі әйел кәсіпкерлердің рөліне қатысты презентация жасады.

Семинарға қатысушылар өз ұсыныстарымен бөлісіп, өңір үшін ОДМ басымдықтарын айқындай отырып, ЕҰШ жобасын талқылауға белсенді қатысты. Негізгі сын-қатерлердің қатарында демографиялық мәселелер мен мидың ағып кету мәселелері атап өтілді, осыған байланысты шешімдер ретінде басқа өңірлерден кадрлар тарту және халықтың кетуіне қарсы іс-қимыл шаралары ұсынылды.

Қорытынды кезең онлайн-сауалнама жүргізу болды, оның нәтижелері өңірлік деңгейде ОДМ-ын жергілікті деңгейде жүзеге асыру бойынша ұсынымдарды қалыптастыруға көмектеседі.

Бұл семинар еліміздің орнықты даму үдерісіндегі маңызды қадам болды, ал әзірленген бастамалар мен ұсынымдар Қазақстанның халықаралық кеңістіктегі стратегиялық міндеттерін іске асыруға үлес қосады.



Қарау саны: 22
Сақталған: 17.03.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!