Ақтауда Орнықты даму мақсаттарын жергілікті деңгейде жүзеге асыру және үшінші Ерікті ұлттық шолуды зерттеу бойынша семинар өтті
12.03.2025
2025 жылғы 11 наурызда «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ сарапшылары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен және Ақтау қаласының әкімдігімен бірлесіп орнықты даму саласындағы Күн тәртібін ілгерілетуге мүдделі тараптар мен азаматтарды тарту мәселелеріне арналған кезекті семинарлар топтамасын өткізді.
Орнықты даму мақсаттарын жергілікті деңгейде жүзеге асыру бойынша семинарда Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Жеткізгенұлы Тілек және ҚР ҰЭМ Әлеуметтік саланы, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Нұргүл Жанназарова құттықтау сөз сөйледі. Спикерлер өз сөзінде ОДМ элементтерін жергілікті деңгейде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға енгізу маңызын және ОДМ іске асыруды жүйелі жоспарлау үшін басым қадамдарды айқындау маңыздылығын атап өтті. ҚР ҰЭМ "Экономикалық зерттеулер
институты" АҚ Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық директорының
орынбасары Нұртуған Оралбаев жергілікті атқарушы органдар үшін орнықты даму
мақсаттарын жергілікті деңгейде жүзеге асыру мәселелері бойынша презентация
жасады. Презентациядан кейін Маңғыстау облысында ОДМ жергілікті деңгейде жүзеге
асырудың әдістемелік ұсынымдарын қолдану тәсілдері бойынша интерактивті талқылау
өткізілді. Ерікті ұлттық шолуды талқылауға арналған
семинар бөлігінде Маңғыстау облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау
басқармасы басшысының орынбасары Азамат Төлеуов құттықтау сөз сөйледі. Спикер
өз сөзінде Күн тәртібі 2030 аясында жүргізіліп жатқан шараларды нығайту және
Ерікті ұлттық шолуды дайындау қажеттігін атап өтті. "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ өкілдері ерікті ұлттық шолу жобасын таныстырып, қатысушылармен пікірталас өткізді. Ұсынылған жобаны талқылау бөлігінде тұрақты семинарлар өткізу, оның ішінде мемлекеттік басқару академиясының филиалдары базасында мемлекеттік қызметшілер мен азаматтық қоғам арасында орнықты даму мақсаттары бойынша курстарды енгізу тақырыбы қозғалды. Қатысушылар ОДМ көрсеткіштерінің
мониторингін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасады және одан әрі ынтымақтастыққа
қызығушылық танытты. Қосымша әңгіме барысында қатысушылар арасында үдерістегі
үкіметтік емес ұйымдардың пікірінің маңыздылығы атап өтілді; Орталық Азия
елдері үшін орнықты даму мақсаттарының көрсеткіштері мониторингінің құрылған
платформасы шеңберінде орнықты дамуды ілгерілету мәселелері талқыланды. Осы семинар шеңберінде «Маңғыстау
облысының Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Жібек Ахметова ауылды кооперативтік
дамыту жобасын ұсынып, онда халықтың құқықтық сауаттылығы мен азаматтық
белсенділігін арттыру арқылы Маңғыстау облысының ауылдарында жергілікті
өзін-өзі басқаруды дамытуға жәрдемдесу туралы баяндады. Баяндамашы жобаны екі
мәселені шешу арқылы жүзеге асыруға болатынын атап өтті: жергілікті қоғамдастық
мүшелерінің шешім қабылдау процесіне белсенді қатысуын арттыру және
Маңғыстау облысында жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруды дамыту. Семинардың қорытынды бөлімінде модератор
Нұргүл Жанназарова орнықты дамудың жаһандық мақсаттары Қазақстанның күн
тәртібіне сәйкес келетінін және бұл даму әлеуметтік, экономикалық және
экологиялық бағыттар контекстінде жүзеге асырылатынын атап өтті.
Қарау саны: 10 |
|
|