
5-6 наурызда Астана қаласында Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) жергілікті деңгейде жүзеге асыру және үшінші Ерікті ұлттық шолуды (ЕҰШ) дайындауға арналған өңірлердегі іс-шаралар топтамасы шеңберінде кезекті семинарлар өтті. Іс-шараны ҚР Ұлттық экономика министрлігі, "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ, БҰҰ Даму бағдарламасы және елорда әкімдігі ұйымдастырды.
ЕҰШ талқылау
мәселелеріне арналған семинарда Астана қаласы Экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасының басшысы Айжан Түгелбаева және ҚР ҰЭМ Әлеуметтік саланы,
құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Нұргүл
Жанназарова сөз сөйледі. Нұргүл Жанназарова өзінің құттықтау сөзінде ел үкіметі
Орнықты даму мақсаттарын іске асыру бойынша бірқатар шаралар қабылдап жатқанын
атап өтті. Ерікті ұлттық шолуды дайындау мәселелеріне арналған семинар аралық
нәтижелерді бағалауға мүмкіндік береді. Елорданың Экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасының басшысы Айжан Түгелбаева семинар Орнықты даму
мақсаттарын іске асырудағы жетістіктерді, сондай-ақ осы жолда кездесетін сын-қатерлерді
талқылауға бірегей мүмкіндік беретінін атап өтті. ОДМ денсаулық сақтау мен
білім беруден бастап экология мен азаматтардың өмір сүру сапасына дейінгі
қоғамның барлық салаларын қамтиды. Спикер қойылған мақсаттарға қол жеткізу
мемлекеттік органдарды, халықаралық әріптестерді, азаматтық қоғам мен бизнесті
тарта отырып, бірлескен күш-жігермен ғана мүмкін болады деп қорытындылады.
Семинар барысында
әлеуметтік, экономикалық және экологиялық бағыттардың өкілдері сөз сөйледі. Қатысушылар
мықты және әлсіз тұстарын анықтап, кадр тапшылығы мәселелерінде көрсетілген
әлсіз әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау саласында қаржылық
кедергілердің болуы, дәрігерлер құзыреттілігінің жеткіліксіздігі, халықтың
кредиттелуі, ЖОО-лардың ескі оқу жоспарларымен жарақтандырылуы сияқты мәселелерді
анықтады.
ОДМ-ын мемлекеттік
жоспарлау жүйесінің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында жергілікті
деңгейде жүзеге асыру мәселелеріне арналған семинар "Экономикалық
зерттеулер институты" АҚ Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық
директоры Хамбар Бақытгүл жетекшілігімен өткізілді. Өз сөзінде спикер
индикаторларды бағдарламалық құжаттарға, оның ішінде Өңірлерді дамыту жоспарларында
жергілікті деңгейде жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, ОДМ-ын
жергілікті деңгейде жүзеге асырудың әдіснамалық негіздері бойынша презентация
ұсынды.
Семинар барысында ОДМ жергілікті
деңгейде жүзеге асыру бойынша қатысушылар қабылданған бағдарламалық құжаттарда,
оның ішінде 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары, 2060 жылға дейінгі Көміртекті
бейтараптыққа қол жеткізу стратегиясы, 2029 жылға дейінгі ҚР Инвестициялық
саясат тұжырымдамасы ОДМ индикаторлары енгізілгенін атап өтті. Сонымен қатар,
кейбір индикаторлар бойынша статистиканың ресми деректерінің болмауы мәселесі
атап өтілді. Осы тұрғыда қатысушылар барлық өңірлер үшін индикаторларды
есептеудің бірыңғай стандарттарын енгізу тетігін ұсынды.
Семинардың қорытынды бөлімінде қатысушылар - ЖАО өкілдері - ОДМ жергілікті
деңгейде жүзеге асыру әдістемесін
жақсарту бойынша ұсыныстар жасады, оның бейімделуін талқылады және басым
индикаторларын анықтады.